Вторник, 17 сентября

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
26

«Таза Қазақстан» бағдарламасының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік өтті.
Шарада республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Жалпы 11 техника жұмылдырылып, 4 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды. Одан бөлек, ауданның белсенді жастары бағдарлама аясында Қапланбек ауылдық округ аумағынан өтетін Келес өзені бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жастар өзен бойына бей-берекет тасталған қоқыстарды жинап, шығарды. Жалпы тазалық акциясына 60-қа жуық аудан жастары атсалысып, 30-дан астам қап қоқыс шығарды.

Сенбілік жұмыстарына 13 ауылдық округпен қала , бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер белсенді қатысты. Тазалық шарасы барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, шөптерді ору, қураған ағаш бұтақтарын ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

Leave a reply