Вторник, 17 сентября

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САНЫ АРТАДЫ

0
36

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іс- сапары барысында ауылдық округ аумағында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Алдымен аудан басшысы Жылға елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.

Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан спорт кешенінің ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар ішкі кәріз жүйесі орнатылып, нысанның еденіне кафель жабыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Келесі кезекте, аудан әкімі Жылға елді мекенінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның және Шымырбай елді мекеніндегі фэльдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарының жай-жапсарымен танысты. Аталған елді мекендерде бой көтеріп жатқан медициналық нысандарының ғимараттарына кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, республикалық бюджет есебінен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Түркістан облысы бойынша 49 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде Сарыағаш ауданына қарасты 3 елді мекенінде фэльдшерлік-акушерлік пунктерінің құрылыс жұмыстары бастау алған.
Сондай-ақ, аудан басшысы Шеңгелді елді мекеніндегі спорт алаңшасының құрылысымен және Қарақалпақ елді мекеніндегі «Ай-дос» мемлекеттік бала-бақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады.
Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың ауыл үшін маңызы зор және олардың сапалы салынуы басты шарт екенін атап өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуі қатаң бақылауда болатындығын ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды жүктеді.

Leave a reply