ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш ауданында 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан нысанның іргетасы құйылып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіне арнайы жұмыс сапары барысында бірқатар құрылыс жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болды. Алдымен, Мәдениет елді мекенінде бой көтеріп жатқан мәдениет үйі және кітапхананың құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.
Түркістан облысында 2024 жылы өткен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған ауылға бюджет есебінен 1 әлеуметтік нысан салуға арнайы қаражат бөлінген. Байқау нәтижесі бойынша Тегісшіл ауылдық округі жүлделі ІІ орынға ие болып, бүгінде Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы бастау алды. Келесі кезекте, балалар ойын алаңшасы және кіші футбол алаңшасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, мердігер мекемеге кездесті. Бүгінгі таңда, балалар ойын алаңшасы және кіші футбол алаңшасына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
– Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз. Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және біздің тарапымыздан балалардың жан-жақты қауіпсіздігі де ескерілуі қажет, – дей келе, алаңшаға орнатылған ойын элементтерімен әткеншектің сапасы, балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін ескертті. Оған ьқоса, мердігерге құрылысқа сапалы материалдарды пайдалануды, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ауылдық округ әкімі Т. Кемелбековке жұмыс барысын қадағалауды жүктеді.
Сонымен қатар елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта аудандағы елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Тапсырыс беруші ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Бүгінде, құрылыс-монтаж жұмыстары 85 пайызға орындалған. Мердігер «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і. Жоба бойынша су қоймасы (резервуар 500м3), 1-ші және 2-ші көтерілім насостық станциясы, қуаттылығы 63 кВа болатын трансформатор қондырғысы қарастырылған.
Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне бірқатар сын-ескертпелер келтіріп, жұмысты құрылыс нормативіне сәйкес және сапалы материалдарды пайдала отырып, жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар, мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысыс.Қарақұловқа ұдайы бақылауда ұстауды, тапсырмалардың орындалу мерзімін жіті бақылауында болатынын ескертті. Ауданда жарық бағаналары жаңартылып жатыр, аудан басшысы елді мекендерді сапалы электр қуатымен қатамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысының жай-күйімен танысты.
Бостандық, Ынтымақ, және Құрама елді мекендеріне қарасты көшелердің электр бағаналарын жаңартылып, мердігерге электр бағаналары мен желілерін, трансформатордарды толық ауыстыруда. Аталған елді мекен көшелеріндегі ескірген ағаш бағаналары бетон бағаналарымен жаңартылып, жаңа трансформатор қондырғысы орнатылады. Тапсырыс беруші мекеме ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.сСарыағаш ауданына қарасты шалғайда орналасқан Әлімтау ауылдық округінде елді мекен тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округке қарасты Көктал елді мекенінде 5 дана электр бағаналарын,оған қоса ұзындығы 200 метр құрайтын электр сымдарын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Елді мекенге қарасты 17 тұрғын үй сапалы электр желісімен қамтылды. Бүгінде Әлімтау елді мекенінде 8 дана бағананы жаңарту, 350 метр электр сымдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 180-ге жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Осы тұста орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спор мектебіне қарасты орталық стадион құрылысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, жауапты мердігер “ ВИБО-строй” ЖШС-і тарапына жүргізілуде.