ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 600 ОРЫНДЫҚ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие беру қажет екенін атап өтті. Сарыағаш ауданында мемлекеттің қолдауымен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі, Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығы. Өңір басшысы Арман Абдуллаев құрылыс алаңына арнайы барып, мердігер мекеме өкілімен кездесті.
Бүгінде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталықтың ғимараттының іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 22 жұмысшы және 3 техника жұмыс жасауда. Тапсырыс беруші мекеме -Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Құрылыс нысанының басында болған аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне ғимарат жастар игілігі үшін салынып жатқандықтан берік әрі сапалы болуы қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, мердігер мекеме өкіліне жұмыс қарқынын күшейтуді,мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.
Түркістандағы ЮНСКО клубтарының қатарына еніп үлгерген «Оқушылар сарайы». Қазіргі таңда бұл мекемеде 6 бағыт бойынша 60-қа жуық үйірме жұмыс істеп, 1200-ден астам 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер мен ересектер қосымша білім алуда. Осы және «Балалар жылында» атқарылған өзге де жұмыстар бойынша мекеме директоры Индира Икапова өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз жиынында айтып берді. Индира Сарқытқызының айтуынша, өткен жылы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубы мен бірнеше мекеме арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылған. Ол келісімдер кәдеге жарап та жатқан көрінеді. Мәселен, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Ауезов атындағы ОҚУ және Тұран-Астана университетімен өзара ынтымақтастық аясында былтыр өнерлі жас, бармақтар, өлкетану, хореография, жас Дарын, мәдени-тынығу жұмысы, бейнелеу өнері, сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн, дизайн, сәндік өнер және этнодизайн бағыттары бойынша Республикалық «JAS TALANT» онлайн конкурсы өткізілген. Оған еліміздегі білім беру мекемелерінің бітіруші оқушылары мен бітіруші колледж студенттері қатысып, 4 Жоғарғы оқу орны бөлген 30 грантты сарапқа салған. Республикалық деңгейде өткізілген бұл жобаға қатысу бойынша 70-ке жуық өтініш түсіп, додаға түскен үміткерлердің 21-і грант иегері атанған. «Сонымен қатар, «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубына қарасты тігін шеберханасындағы «Киім моделін жобалау» үйірмесінде ересектерге арналған «Ісмер ана» жобасы қолға алынған болатын. Жобаның мақсаты – үйінде жұмыссыз отырған көпбалалы аналарға бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау және қыз-келіншектердің қоғамдағы мәртебесін арттыру. Аталған курста толық білім алған аналар «Оқушылар сарайы» мен Түркістаноблысының кәсіпкерлік палатасы арасындағы меморандум арқылы сертификат алып, өз кәсіптерін жалғастыра алады. Қазіргі таңда бұл жоба кеңінен қолдау тауып, өңірдегі аудан, қалаларда «Ісмер ана» жобасының филиалдарын ашу жоспарланып отыр. Көпшіліктің сұранысына ие болып отырған тағы бір жобамыз – «Qumyra» жобасы. Онда сазбалшықтан құмыра жасау бойынша шеберлік сабағы жүргізіледі. Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтары осында құмыра жасап, суретке түсіп, сұранысты арттырып жатыр», — деді мекеме директоры.
Атап айтсақ, Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы (Республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайды), Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау.
Сондай-ақ, 1000-нан аса оқушының қосымша білім алуына мүмкіндік бар. Тұл және жартылай жетім оқушыларға тегін. Көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға жеңілдік қарастырылған. Айта кетейік, жаңадан бой көтерген Оқушылар сарайының құрылысын «Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры» жүргізді. Оқушылар сарайының аумағы 12 мың шаршы метр. Ғимарат заман талабына сай жабдықталған. Оқушылар сарайында бүгінде 1500-ге жуық бала түрлі үйірмелер мен авторлық жобаларға қатысады. Үйірмелер арасында кескіндеме, қолөнер, шахмат, вокал, би, актерлік өнер, тіл үйрету, фото-видео түсірілімдер, анимация, тележурналистика және басқа да бағыттар бар. Үйірмелердің 86%-ы тегін негізде ұсынылады.