ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ: МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖЫЛЫТУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛУДА

0
64

Аудан аумағында білім мекемелері орналасқан елді мекендерде, қатты отын арқылы жылытылатын мектептердің жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мектеп ғимараттарына табиғи газға арналған жылыту қазандықтары орнатылып, құбырлар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған. Аудан басшысы мектеп ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беруді тапсырды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі №77 және Ақ үй елді мекеніндегі №69 орта мектептері ғимараттарының жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарымен танысып қайтты.

Еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір – Түркістан. Бүгінде жергілікті бюджеттен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 13-і пайдалануға беріледі. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салу көзделген. Оның ішінде 29-ы биыл тапсырылады деп жоспарланған. Мектеп салу бағытындағы жұмыс жалғасады.

Құрылысқа «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы және облыстық бюджеттен жалпы қаржы қаралған. 5 мектеп 1 қыркүйекте ел игілігіне тапсырылып, оқушыларды қабылдауы керек. 200-дей білім ұйымы ағымдағы жөндеуден өтуде. Ғимараттардың құрылыс сапасы қатаң бақылауда. Бұл мақсатқа 10 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. 106 мектептің жылу қазандықтарын газ жүйесіне ауыстыруға 2,1 млрд теңге бағытталды. Осы жұмыстар арқылы 300-ден аса білім беру ұйымының мәселесі шешімін табады, – дейді Бейсенбай Тәжібаев.
Түркістан облысында 520 мыңға жуық оқушы білім алады. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту үшін 5200-дей жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Жаңа оқу жылында жобамен 52 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады. 912 мемлекеттік мектептегі бастауыш сыныбындағы 224 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Тасымалдау мәселесіне келсек, 17 мыңнан аса бала арнайы автобустармен қатынайды.

Leave a reply