Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

0
38

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Қабланбек ауылдық округі Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында мердігер мекеме ЖК «Қазыбеков» тарапынан мектеп ғимаратының сыртқы қас бетін қаптау жұмыстары жүргізілген.

Келесі кезекте аудан басшысы Қанағат елді мекенінде орналасқан «Кәусар» бала бақшасы ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын саралады. Бүгінгі таңда, бала бақшаның ішкі әжетханалары орнатылып, құбырлар жүргізілуде және ішкі есіктер ауыстырылуда. Жалпы мердігер мекеме ЖК «Перизат» тарапынан ағымдау жөндеу жұмыстары 80% орындалған.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде өзі келіп қадағалап тұратынын атап өтті.

Түркістан облысында жалпы 983 (оның ішінде 75 жекеменшік) мектеп бар. Соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр. Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп.

Түркістан облысында демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты оқушы орындарының тапшылығы сезілуде. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ең көп оқу ошағы осы өлкеде тұрғызылады.

Leave a reply