Вторник, 17 сентября

ТҮРКІСТАН: САУРАНДАҒЫ ҮШҚАЙЫҚ АУЫЛЫНДА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ САЛЫНАДЫ

0
43

Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту — бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытқа мемлекет тарапынан қолдау да көп көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін деген азаматтарға мол мүмкіндік берілуде. Мемлекет және атқарушы билік тарапынан аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбейіп келеді. Аудан көлемінде ауылдық округтердегі бизнесін шарықтатуға ниетті іскер тұлғаларға ұсыныстар берілуде.

Осы бағытта аудан әкімі Мақат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Онда ұтымды ұсыныстар мен кәсіптерін дамыту бағытында пікір алмасты. Түрлі сала бойынша өз жұмысын бастаған бизнес өкілдеріне арнайы өндірістік аймақ құрып, жер телімдері бөлінетін болды. Басымдық мал бордақылау алаңдары мен балық шаруашылығына және басқада кәсіп түріне беріліп, жалпы 81 гектар жерге өндірістік аймақтың бой көтерілуі жоспарлануда.

Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров: — «Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7 мыңға жетіп отыр. Кәсіпкерлік — экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Бұл арқылы жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан сіздермен бірлесіп жұмыс жасауға, әрқашан қолдауға әзірмін», — деді.

Жиында аудан басшысы өңірдің көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал жасайтынын атап өтіп, шағын және орта бизнес субектілерінің қазіргі таңдағы жай-күйі, мүмкіндіктері, проблемалық мәселелері қоса талқыланды.

Leave a reply