ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 3000-НАН АСТАМ ҮСТЕЛ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

0
81

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы әзірленген. Аталған зерттеу еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының жаңа болжамды схемасын әзірлеуге негіз болмақ. Ол 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Президент Әкімшілігінің қарауына жіберілетін болады. Осы ретте Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде демалыс орындарына арналған үстел мен орындықтар, темір есіктер шығаратын «Абдусардар» цехы іске қосылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, ауыл ақсақалдары қатысты.

Жеке кәсіпкер Бабир Насиров «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 5 млн. теңге алып, өз кәсібін бастаған. Бүгінде өндіріс орнын кеңейтіп, ашылып отырған цехтың аумағы 0,25 шаршы метрді құрайды. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 3000-нан астам темір есік және үстел шығаруға қауқарлы.

Бүгінде 12 азамат жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 250-300 мың теңге. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды Өзбекстаннан алдыртады. Осылайша, отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.
– Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан-жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда, – дейді жеке кәсіпкер.

Leave a reply