Пятница, 13 июня

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ІШКІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛАДЫ

0
20

Аудан аумағындағы ауылдар мен елді мекендердің ішкі жолдарын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін Құмкент ауылы мен Қызылкөл елді мекенінде жалпы ұзындығы 11,21 шақырым болатын ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі ұзындығы 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де асфальтталды. Қазіргі таңда өзге ауылдар мен елді мекендерде де ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Созақ ауданында биыл жыл басынан бері 179 млрд 568 млн 400 мың теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген. Жалпы өңірдегі негізгі көрсеткіштер жыл сайын жоғарылап, өсім байқалады. Былтыр жыл қорытындысы бойынша аудан — өнеркәсіп өнім көлемі мен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының көрсеткіштері бойынша облыста көш бастаған.

Созақ ауданы өнеркәсіп саласында тұрақты даму жолында. Индустриалды аймақтардың құрылуы, инвестициялық жобалардың іске асырылуы және инфрақұрылымның жақсаруы аудан экономикасының нығаюына ықпал етуде. Сонымен қатар ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Жалпы бағдарламаға былтыр 277 жоба тапсырылып, 210 жоба 1 млрд 169 млн 410 мың теңгеге несие алған. Сондай-ақ, аудан әкімі өңірдегі инфрақұрылым саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда Созақ ауданына қарасты 33 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның 21-і 24 сағат бойы тоқтаусыз ауыз суға қосылса, 5 елді мекенге кесте бойынша беріледі. Сондай-ақ, табиғи газға қосылу бойынша да біршама тындырымды істер қолға алынған. 2024 жылы АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекенінің тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Ал «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына қаржы бөлініп, 2023 жылы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, аудан орталығы Шолаққорғаннан Түркістан қаласына қарай бағыттағы жол бойында республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңына дейін ел игілігіне беріледі.

Созақ ауданы Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша көш бастап тұр. 2024 жылдың алғашқы 6 айында ауданның өнеркәсіп өнімінің көлемі 265 миллиард теңгені құрады, бұл облыс көлеміндегі жалпы өнімнің 60%-ын құрайды. Аудандағы өнеркәсіп салаларының ішінде тау-кен өндірісі, құрылыс материалдарын шығару, химиялық өнімдер, тоқыма және сусындар өндірісі басымдыққа ие. Мысалы, күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталып, 250 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Айта кетейік, биылғы жылы ішкі жолдардың сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл қаржы есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелерге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төсеу көзделген. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 14,2 шақырым болатын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Өткен жылы да аталған бағдарлама шеңберінде ауданда 25 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, барлығы 26,1 шақырым жол жаңартылды. Бұған қоса, аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төселген болатын.

Созақ ауданында 973 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 435 шақырымы облыстық, 80 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар болса, елді мекендердің ішкі жолдары 458 шақырымды құрайды. Өткен жылы аудан елді мекендерінің 20 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардың жалпы ұзындығы 25,5 шақырымды құрады.  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 шақырымды құрайтын 7 көше жөнделді. Сонымен қатар, 12 шақырым жол жергілікті бюджет есебінен жөнделді. Шолаққорған ауылының 8 шақырымнан асатын 8 көшесіне асфальт төселді.Созақ ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді.Таукент кенті мен Қаратау, Құмкент, Қарағұр елді мекендерінің ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті.Абай, Қозмалдақ, Аққолтық елді мекендерінің ішкі жолдары жөнделді.

Биыл жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайтын 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 12 шақырымды құрайтын 9 көшенің жолы жөнделеді. Қалған 20 көшеге жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет қаржысына жүргізіледі. Созақ ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоспарланған жөндеу жұмыстары аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және көлік қатынасын жеңілдетуге бағытталған.

 

Leave a reply