Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

0
36

Келес ауданының орталығы Абай ауылы аумағында “Таза Қазақстан” акциясы аясында серпінді сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке аудандық бөлімдер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттары және қоғамдық жұмысшыларды қосқанда 480 қызметкер тартылды. Сенбілік барысында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, жол шетіндегі шөптер тазаланып, ағаштар бұталды.

Жиналған ағаш бұтақтары мен қоқыс үйінділерін алуға арнайы техникалар жұмылдырылды. Осы орайда аудан орталығында жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына апта сайын барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізіп келуде. Сенбілік іс-шарасында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тазалықты ретке келтіру бағытында ауыл аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын өз қадағалауында ұстады. “Таза Қазақстан” акциясына тұрғындар мен ауыл жастары да білек сыбана кірісіп, айналаны қоқыстардан тазартуға белсене атсалысты.

— Әр адам өз үйін, ауласын таза ұстаса, ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосады. Әр тұрғын өз ауласының, тұрғылықты жерінің таза да әдемі болғанын қалайды. Сенбіліктің тазалыққа пайдасы зор. Бүгін сенбілікке шығып, талдарды әктеп, терек егілген қоршаулардың шөбін шауып, қоқыстарды жинап жатырмыз. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі,-деді аудан басшысы.

Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортамызға тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор.

Leave a reply