ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ
Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азамат қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Қаладағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, М.Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесіндегі ретсіз жарнамалар түзетіліп, кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталған болатын. Осыған байланысты облыс орталығында апта сайын жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Тазалық шарасына атсалысқан табиғат жанашырларының айтуынша, әрбір жеке тұлға тазалықты өз ауласынан бастауы қажет. Үйден шыққан қоқысты арнайы орындарға тастап, қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыруға үлес қосуы тиіс.
Кезекті тазалық күніне 1000-ға жуық азамат қатысты. 30-ға жуық техника жұмылдырылып, 18 мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары атсалысты. Белгіленген аумақтар тазаланып, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Сенбілік нәтижесінде қала көшелерінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Тазалық акциясы аясында әр апта сайын қала әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері өз ғимараттары мен көшелеріне сенбілік өткізіп, экологиялық акцияға белсенділік танытып отыр. Сондай-ақ әр апта сайын тазалық күндеріне байланысты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.