Thursday, November 21

ТҮРКІСТАН: ТУ ТҰҒЫРЫНДАҒЫ ТАРИХТЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

0
12

«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз» депті Сұлтан¬махмұт ақын. Ту – мемлекеттің айбары, киесі, рухы, ең бастысы – тәуелсіздіктің ең биік нысаны. Онда тегіс ұлттың ғасырлар бойғы асыл мұраты мөр, ою-өрнек, ұран, құран сөздерімен таңбаланатын болған. Осы орайда түркістандықтардың назарына көк туымыздың қасиеті жайлы аз-кем мағлұматты ұсынып отырмыз. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермекұлы автономия дүниеге келген күні «… желтоқсанның 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді» деп жазады.
Демек, Шоң Торайғырдың ұ¬рпа¬ғы Сұлтанмахмұттың жыр¬¬лаған туы – осы Ту! Мем¬л嬬кет¬тің тәуелсіздігін ай¬ғақ¬¬тай¬тын алғашқы нышан – Ту. Ен¬ді, осынау ұлан-ғайыр атырап¬ты мекен етіп келе жатқан мың¬жыл-дық¬тардың мұра¬гері қазақ тари¬хын¬дағы тулардың түсі мен таңбасы, тарихы жайлы айта кетсек.
Ұлы далада халықтарында «сүлде» (сулдэ) – рух жебеушісі саналған. Ол – Еке Моғұл Ұлысы, яғни Ұлы Моғұл мем¬лекетінің теңдессіз қағаны, қазақ хан¬дарының түп атасы Шыңғыс хан¬ның жебесі, туы, ғибадат ететін киелі бай¬рағы болды. Моңғолша «сүлде» (рух деген мағына береді) және «туг» сөздері синоним. Біздіңше, Ту. Сұлұддин, тоғыз баулы ту, ша¬шақ¬ты найза, рух культі.
Жалпы, Ту, байрақ, жалаудың ара-жігін ажырата білген жөн. Тарихшы Жамбыл Артықбаев «Төрелер шежіресі» кітабында «Ту дегеніңіз, көбінесе үлкен матадан жасалып не найзаның басына, не арнайы бақанға байлан¬ған рәміз. Тудың желегіне араб жазуымен жазылған Құран сөздері болады, бірақ сурет салына қоймайды. Оның есесіне жауынгерлік байрақтар әртүрлі болады. Байрақтарда қасиетті аңдар мен құстардың алтыннан жасалған мүсіндері, жылқының құй¬рығы сияқты заттар т.б. кез¬деседі. Мемлекеттің туы есе¬бін¬д¬е сол кезеңде жоғары билікке ие болып, тақта отырған әулеттің туы қызмет жасайды» дейді. Ал жалау дегеніміз найзаға немесе дулығаға тағылатын жау¬гер¬шілік белгі болған. Ол әскердің, қосынның айырым-белгісі болса керек. «Жалаулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып» (Ақтамберді) деген жыраулар поэзиясы осы сөзді айқын таңбалайды. Ал тарихшы ғалым Арман Қият болса «Шыңғыс хан заманына қатысты «Кер айғырдың кекілінен, кесіп алған бай¬рағың» деген өлең жолы ту¬дың жылқының қылынан то¬қы¬латынын білдіреді. Кейде ес¬кі жазуларда оны «Тук» деп атауы, яғни түктен жасалаты¬нын мең¬зесе, «Жалау» жылқының жа¬лын айтып тұрғандай» деп жазады. А.Қияттың осы деректер кел¬тірілген «Қазақ сұлтандары» деген толымды еңбегінде төре тұқымдарының геральдикасына қатысты тегіс бір тарау арналған. Онда «ХІХ ғасырдың аяғында Құрбанғали Халид қазақ сұлтандарының тулары жайлы мәлімет береді. Оның дерегі бойынша, төрелердің арғы атасы Орыс хан қызыл ту ұстаған. Орыс ханның қызыл туы әз Жәнібектің Жәдік деген ұлынан туған немересі Шығай ханның қолына өтіп, сосын ұлы Есім ханның қолынан әрі Жәңгір хан, әз Тәуке хан, Полат хан, Әбіл-мәмбет хан, Әбілпейіздерге өтеді. Ал Шығайдың үлкен ұлы Ұзын Оқты Ондан сұлтан қызыл ту астынан шығып, ақ ту көтеріп, оның ұрпақтары «ақ тулы төрелер» атанды. Әз Тәу¬ке¬нің ұлы Полат хан Уәлидің ұлы Абылайға көк ту беріп бө¬лек шығар¬ған. Абылайдың немере бауырлары Сұлтан¬бет пен Жолбарыс сұлтандар да оған ілесіп «көк тулы төрелер» аталған. Автор кейбіреулерден олардың туы көк емес жасыл болғандығын естігенімен көк туға жығылған. Ұлы жүзде Кенесары хан¬ды жақтап, артынша қырғызбен соғы¬сар шайқаста бөлініп кеткен Рүстем сұл¬тан «шұбар тулы» болыпты» деп бірнеше тарихшыларға сілтеме жасай отырып нақты жазады.
Ғалым А.Янушкевич: «Енді білдім, Құсбектің балгері бар екен. Ол Құсбектің келешегін жорып отырады екен. Құсбектің туы – ақ, Барақтың туы – қызыл. Кенесарының туы – жасыл. Кешке қарай жел басылды» деп қазақ төрелерінің туларына қатысты өзі білген мәліметтерді беріп кетіпті. Әлихан¬танушы ғалым Сұлтанхан Аққұл¬ұлы болса түрлі ақпарат құралдарында Алаш автономиясының мемле¬кет¬тік байрағы ретінде шынайы тұрақталмаған, дәлелденбеген бірнеше тудың суреттері жарияланып жүргендігін айтады. Ол бір деректерде жасыл делінсе, бір деректерде қызыл. Қайткен күнде де Алаш туында азаттықтың айбарлы көрінісі болғаны анық.
Қазіргі Туымыздың түсі көк. Оның шығу тарихы туралы Мұхтар Ма¬ға¬уин¬¬нің айтқаны бар. «Комиссия мүше¬лері әр тарапқа тартты. Шерхан Мұр¬¬таза бөрінің суретін салып әкел¬ді. Ақселеу Сейдімбек басқа таң¬ба ұсын¬ды. Шота Уәлиханов Ай¬дың суреті бей¬не¬ленгенін қа¬ла¬ған. Кейін барып қазір¬гі нұс¬қаны қабылдатты. Ал мен ал¬дымен тудың түсіне келісіп алуды ұсын¬дым. Жартылай қызыл, жартылай көк болғанын талап еттім. Содан кейін оның бетіндегі таңба төре таңбасы болуы керек деген ұсыныс айттым. Ол таңба төре руының таңбасы емес, ол бас таңба дегенді білдіреді. Бүкіл қазақ хандарының таңбасы, ол Шыңғыс ханнан бастап, Абы¬лайға дейінгі таңба еді. Бірақ оған ешкімді көндіре алма¬дым. Негі¬зінен дамыған мемлекет¬тер¬дің туы қарапайым болады» деді.
Не десек те ширек ға¬сыр¬дан астам азаттықтың ақ та¬ңы¬мен қоса жел¬біреп, егемен ең¬се¬мізді осы Туға қарап тік¬теп ке¬л¬еміз. Көк түс – көп мағыналы бояу. Оның да түпкі мәні ежелгi тү¬ркітек¬тес халықтардың «көк» сөзін қатты қадір тұтқанын аң¬ғар¬тып тұр. Онда бейнелен¬ген алтын Күн де бағзы бабалардан қалған ырым-нышан. Күн¬ге табыну көк Тәңірден жеткен белгі саналады. Оны кереге қа¬на¬тымен көтеріп ұшқан қы¬ран бүркіт – яғни бөрі құт та біз¬дің көк бөріден тара¬ған текті ұрпақ екенімізді айғақтай түсе¬ді. Арқар мүйіз ою-өрнек өз алдына үлкен ма¬ғына үстейді. Қошқар мү¬йіз, ар¬қар мүйіз ол нақыш та қазақ ха¬ндары-ның арқар ұранды бол¬ғанын аң¬ғартып тұрғандай. Ту¬да тұтастық идеясы бар. Бір ту¬¬дың астына жиналу бірлікті, тұ¬тас¬¬тық¬ты, тұрақтылықты қалыптастырады.
Осы жерде Мемлекет басшы¬сы¬ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине туған жердің тарихын білген және оны мақтан ет¬кен дұрыс. Бірақ одан да маңыз¬дырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмы¬туға әсте болмайды» деген сөзі еске түседі. Шынымен де біз¬дің тұтастығымыз румен емес, ту¬мен өлшенуі керек қой!..
Жаратқан, әманда туы¬мыз¬дың тұғырын биік, шығырын берік қылғай демекшіміз!..
Мирас АСАН.

Leave a reply