Воскресенье, 15 июня

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІ ЖАҢАША БАҒЫТТА ДАМИДЫ

0
17

Түркістан облысында балаларды жазғы демалыс уақытында сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы 32 маусымдық демалыс лагерлері қызмет көрсетеді. Оның ішінде 11-і мемлекеттік болса, 21-і жекеменшік. Балалардың жазғы сауықтыруын қауіпсіз және тиімді ұйымдастыру – басты назарда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жазғы лагерьлердің жұмыс сапасын қадағалауына алған. Биыл өңірде алғаш рет модульдік лагерь жобасы жүзеге асырылды. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашылу жоспарлануда.

Жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Лагерлерде балалардың алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған. Модульді лагерьдің алғашқы корпусы “Балауса” жазғы сауықтыру лагерінде ашылды. Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың демалыс кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, 10 модульді жатақханасы пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 20 балаға арналған жатын орынмен қамтамасыз етілген. Түгелдей жаңа жиһаздар мен төсек орындары бар. Әр баланың жеке киімдерін салатын шкафтары қарастырылған. Бөлме іші жарық, әрі заманауи үлгіде безіндірілген. Лагерьдің алғашқы ауысымына 350 бала қабылданды. Оның ішінде, 250 бала – Түркістан қаласының, 100 бала – Сауран ауданының оқушылары. Қалған балалар лагерьдің жаңартылған алдынғы корпусында тынығады. “Балауса” жазғы сауықтыру орнында 7 лекпен жалпы 2 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарға енді.

Сондай-ақ Мақтаарал ауданындағы “Толағай” лагерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың алғашқы демалушыларын қабылдады. Жалпы әр маусымда 200-ге жуық баламен 8 маусым бойынша 1500 бала жазғы сауықтырумен қамтуды жаспарлап отыр. Демалушы балалар 5 мезгіл тамақтанып, күндерін таңертеңгі жаттығумен бастап, спорттық-эстафеталық жарыстар, интелектуалдық сайыстар, мәдени бағдарламалар мен қатар бассейнде түрлі шынығу жаттығуларымен, жаз айларындағы демалысты көңілді өткізуде.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысындағы қала сыртындағы сауықтыру орындарында 43 мыңнан астам бала демалады. Оқушыларға 10 мемлекеттік, 24 жекеменшік лагерь қызмет көрсетеді. Одан бөлек, 300 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. 2025 жылы жаз мезгілінде Түлкібас ауданында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында бірнеше сауықтыру лагері жұмысын бастады. Бұл лагерьлердің басты мақсаты – балалардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жаңа достар табуына мүмкіндік жасау. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында мәжіліс өткізді. Жиынға облыстық Білім басқармасы, өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, лагерлердің жетекшілері онлайн-офлайн форматта қатысты.

— Оқушыларды қабылдау, нысандардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын реттеу, қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін талқылауға жиналып отырмыз. Бұл істерге қаңтар айынан бастап кірістік. Лагерлерді аралап көрдім. Әлі де жұмыс баяу. Уақыт тығыз. Жазға дейін сақадай сай болуымыз керек. Балалардың қауіпсіздігіне баса мән беріңіздер. Ғимараттарды жөндеу жұмыстары бойынша мониторингті тоқтатпаңыздар. Әсіресе жекеменшік лагерлерді зерделеу қажет. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына басымдық берілуге тиіс. Бұл бағыт облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында. Жұмысты күшейтіңіздер, — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

2025 жылы балаларды сауықтыру жұмыстарының басым бөлігін мемлекеттік лагерлер мен облыстық білім басқармасына қарасты 2 мекемеде өткізу жоспарланып отыр. Қосымша модульдік жатын орындарын қойып, балалардың санын арттыру көзделіп отыр. Осы жылы облыстағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 40 мыңнан астам бала тынығады. Ал лагері жоқ аудандардың мәселесін шешу жолдары қарастырылуда.

Әр маусымның ашылуы алдында қауіпсіз ауыз су жүйелерінің болуы, тамақтану және тұру жағдайының қамтылуы, залалсыздандыру, медициналық көмектерді үйлестіру, үй-жағдайлардың және аумақтың залалсыздандырылуы, су мен топырақты зерттеу сынды шаралары жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Бекболатұлы арнайы жол карта аясында жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Жалпы өңірдегі 10 мемлекеттік және келісім шарт түзілген жеке меншік лагерлерде 35338 бала демалатын болады. Мемлекет тарапынан бір балаға — 59 077 теңгеден бөлінеді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ата-ана есебінен 5000-ға жуық бала жазғы лагерлермен қамтылады. Туристік 1 күндік жорықтар мен экскурсияларға 75 129 оқушы барады деп жоспарлануда.

 

Leave a reply