
Салтанатты шараға орай өткізілген спорт жарысына 27 оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Залдың ресми ашылуына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, шахмат – ақыл-ой мен танымдық қабілеттерді дамытудың қуатты құралы саналатын ойын түрі екенін айтып, алдағы уақытта облыстық сайыс ұйымдастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.