ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
81

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында тазалық шаралары жалғасын табуда. Бүгін, аудандағы 1 қала, 12 ауылдық округте жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.
Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен еріктілер жалпы 1 мыңға жуық адам қатысты. Аудандағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы тазалық шарасы барысында қураған ағаштар жиналып, жол бойлары, көшелер қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, шөп, тікендер орылып, жасыл желектер әктеліп, суғарылды.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырды. Тазалық табалдырықтан басталатыны ескертіліп, жергілікті әкімдік мамандары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғын үйлерге өз аулаларын қоқыстардан тазарту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ескертпе берілді.

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығында Жетісай қаласында орналасқан Орталық саябақта тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды. Сондай-ақ, 300 түп ағаш әктеліп, тұрғындарға кедергі келтіретін ағаш бұтақтары ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 1 шақырым жаяу жүргіншілер жолын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Leave a reply