ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

0
91

Бұл туралы брифингте Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндет өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану екенін айтқан болатын. Осы бағытта Түркістан облысындағы Төлеби ауданында бірқатар жаңа нысандардың құрылысы басталып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

– Өнеркәсіп саласында өткен жылы ауданда 41 млрд 480 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал биыл оны 46 млрд 126 млн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы салада 2 инвестициялық жоба басталып, толық 2024 жылы іске қосылады деп көзделген. Яғни Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехын іске қосу бағытында құны 1 млрд 551 млн теңгеге инвестиция тартылып жатыр. Нәтижесінде 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал «Аймар құс» ЖШС қуаттылығы жылына 440 мың дана құс өсіруді жоспарлап, құны 4 млрд теңгені құрайтын жоба іске асырыла бастады. Қазір құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 24 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған, – деді Төлеген Тұртайұлы.

Одан бөлек, Төлеби ауданы облыс бойынша туристерді тартуда алдыңғы қатарда. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті жоғары екенін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы туризм саласына ден қою керегін де айтты.

«Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар туризм саласына көбірек инвестиция тартуды тапсырды. «Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ», деп атап өтті Президент.

Туризм бағытында 76 нысаны бар, 64 саяжай қызмет көрсететін бұл өңірге өткен жылы 41 488 демалушы келген. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова Диханкөл елді мекенінде “Дихан Тау” саумалы сауықтыру орталығын іске қосты. Көксәйек ауылдық окургінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылды. Кемеқалған ауылдық округіндегі «Алма-тау» тау курортында бүгінгі күнге қосымша қонақ үй және спорт кешенінің құрылысы жүргізілді. Тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік – рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым жүйепері тартылуда. Төлеби ауданының әлеуеті туризмді дамытуға қолайлы болғандықтан, бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де артуда. Туризмді дамыту мақсатында Қаратөбе ауылдық округі аумағынан кәсіпкер Жұмағұлов Ерболат Нұрланбекұлы «Нұрлы сан» демалыс аймағын іске қосуды жоспарлауда. Тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд 500 млн теңге. Демалыс аймақ аумағына 45 коттедж, сауықтыру орталығы, футбол алаңы мен бассейн, теннис алаңдарының құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Жоба іскен жағдайда 65 адам маусымдық, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Балдыберек елді мекенінен 200 адамға арналған спорттық-сауықтыру орталығы іске қосылады деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Құралбеков Нұрдәулет Құралбекұлы 6,8 га аумаққа 26 коттедж, бассейн, стадион, теннистік корт, жабық спорт кешені, кіші футбол алаңшасы мен жүгіру жолағын салуды жоспарлауда. Жоба құны 800 млн теңге. жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 050 млн теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде, туризм саласына жылдың соңына дейін 3 млрд 757 млн теңге инвестиция тартылып, 25 жұмыс орны ашылады. Аудандағы кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8764, жұмыспен қамтылғандар саны – 16 699 адам.

Leave a reply