Түркістан экологиясы жақсара түсті
Жазда шаң, қыста көк түтін болатын Түркістанның экологиясы осыдан он жыл бұрыңғымен салыстарғанда әжептеуір өзгерген. Оны көктемің өзінде шыж-быж болып қайнап жататын күннің салқындауынан-ақ байқауға болады. Бірақ, бұл деңгейге жету үшін де аз жұмыс атқарылмады.
Түркістан топырағының 70 пайызы жарамсыз. Сондықтан көп көшеттер алғашқыда бірден алып кете қоймады. Климатқа қолайлы деген терек, қараағаштар егілді. Одан бөлек, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен облыста су қоймалары салынды. Қараусыз қалған көлдер қайта қалпына келді. Ылғалдану жұмыстарын жақсарту үшін ескек есу каналы, жасанды көлдер салынды.
Мамандар климаты құрғақ аймаққа жататын Түркістанда егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен екенін айтады. Жасыл желектің жерсіну көрсеткіші әлемде 70 пайызды құраса, Түркістанда бұл 50%-дан аспайды. Түркістан қаласы аумағында саябақтар мен аллеялардың жер көлемі 450 га жеткізіліп, арық-атыздар қалпына келтірілген. Түркістан қаласының микроклиматын жақсартып, ылғалдану деңгейін жоғарылату бағытында. Ескек есу каналы, Шаға жасанды көлі, Кеңсай-Қосқорған 2 су қоймасы мен Қосқорған су қоймасы жаңғыртылды.
Әбутәліп Құламетов, Түркістан облыстық «Жасыл аймақ» мекемесінің директоры:
Жазғы белдеудің жалпы көлемі 14 мың га жетіп отыр. Бұл деген сөз 2-3 жылдың айналасында экологияның жақсаруына септігін тигізеді деп отырмыз. Біз орман алқаптарының өсуіне септігімізді тигізіп келе жатырмыз. Байырғы ағаштармен бірге бұрыннан қалыптасқан ағаштарды отырғызу. Сырттан келген ағаштарды тізімнен шығарып отырдық.
Жаңа әуежай жолының бойы 268 га жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылды. Қалған учаскелердегі отырғызылған ағаш көшеттердің 63 % ұңғымалардан, 25% каналдармен, 12% сорғылар арқылы суарылуда. Расында, көктемнің өзінде аптап ыстық болып, жұрт шыдай алмайтын. Қазір салқындай бастағанын көпшілік айтып жүр. Сондай-ақ, Жетікөл (бұрынға Шошқакөл) көлдер жүйесін жаңғырту арқылы 43 км бөгет жасалынып, облыс әкімінің бастамасымен су көлемі анағұрлым молайды. Тиісінше фаунасы да өзгеріп, булану, ылғал көбейіп, ауа сапасы жақсарып келеді.
Ұлан Жүсіп, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік экология инспекторы:
Жасыл желекті күтіп баптау, қоқыстардан тазалау жұмыстары жалғасын табуда. Қоршаған орта деген бір күнде істеп кететін нәрсе емес, әрдайым қарауды, күтімді қажет етеді. Орталық қазандық газге ауыстырылды. Қыстыңгүні атмосфераға түтіннің ластануы азайды. Көгалдандыру жұмыстарының арқасында табиғи климаты да өзгеруде. Алда бұдан да жақсарады деген сенімдеміз. Қазір 20-30 процентке өзгерген.
Жетікөл көлдер жүйесінде құстар мен балықтар саны да артуда. Қазіргі таңда, аталған көлде құстың 200-ден астам түрі мекендейді.