ТҮРКІСТАН: ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ

0
111

Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихаты өткен 2021 жылы 76 шешім қабылдаған. Аталған шешімдердің орындалуы туралы мәселе үнемі біздің назарымызда болады. Осы шешімдерде қала әкімдігінің «құрылыс бөлімі, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімдеріне төмендегі ұсыныстар енгізіліп, орындалуы бойынша мынадай жұмыстар атқарылған: Қалалық мәслихат шешімімен қала әкімдігінің «құрылыс бөліміне» айтылған ұсыныстар:

  1. Қалада құрылыс жұмыстарының өз дәрежесінде, сапалы әрі уақтылы орындалуын ерекше назарда ұстау;
  2. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бөлінетін тұрғын үйлердің санын арттыру жөнінде құзырлы органдарға нақты ұсыныс енгізу;
  3. Т.Бокин көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйлерді қалалық орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуды немесе пәтерлерді газбен жылыту пештерін орнатуға рұқсат беру мәселесін шешу;
  4. Қалада құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржылардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету, жеткілікті мөлшерде қаржы бөлдіруге ұсыныс енгізу;

Ұсыныстардың орындалуы жөнінде мәлімет:

  1. Бұл бойынша құрылыс салушы мердігерлер арасында жиналыс өткізіліп, құрылыстың мерзімі мен сапасына қатаң түрде назарға алу бойынша тапсырма берілді. Соған сәйкес міндеттемесін толық орындамағаны үшін авторлы және техникалық мердігерлерге айыппұл түрінде шара көрілді. Оған қоса кемшіліктері анықталған мердігерлерге ескерту хаттар жолданып, орындамағаны үшін бірқатарына ГАСК-өтініш берілді, мердігерлерге жалпы 10 млн.теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі таңда жағдай бірқалыпқа түсіп, кемшіліктер реттеліп, техникалық қадағалаушы тарапынан апта сайынғы мәлімет алынып отыр.
  2. Құрылыс бөлімі тарапынан 2021 жылы көпқабатты 29 үй қабылданып 1921 пәтер пайдалануға берілсе, 2022 жылға 53 үйді 3432 пәтер беру жоспарлануда. Сонымен қатар, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан салынып жатқан 40-тан астам тұрғын үйлердің біршамасы және жеке инвесторлар салып жатқан үйлер ағымдағы жылы қабылдаудан өткізу жоспарланып отыр. Оған қоса бөлім тарапынан 2021 жылы әзірленген 5 қабатты 20 тұрғын үйдің жобасы 400 пәтер құрылысын салуға бюджеттік өтінім берілген.
  3. Т.Бокин көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін қажетті қаржы бөлінген жағдайда жобалаушыны анықтап, жобаны дайындап, сараптама қорытындысы алынатын болады. Соған сәйкес құрылысқа қажетті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады.
  4. 2022 жылға құрылыс бөлімі тарапынан 2021 жылдан өтпелі болған нысандардың құрылысын аяқтауға және де жаңадан басталатын нысандардың құрылысына қаржы сұратылған болатын. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен тұрғын үйлерге бөлініп, жергілікті бюджеттен жаңа нысандарға қаржы қаралған. Сондай-ақ, жаңа нысандар бойынша толық қаржыны бөлдіруге республикалық бюджетке өтінім берілді.

Қалалық мәслихат шешімімен қала әкімдігінің «жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөліміне айтылған ұсыныстар:

  1. Көшелерге тас төсеу, асфальт төсеу жұмыстарын инфрақұрылым желілері толық жүргізіліп біткен көшелерге жүргізу;
  2. Бірлік шағын ауданындағы қоғамдық көлік бағытындағы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  3. Бекзат мөлтек ауданынан Шәуілдір бағытына тікелей шығатын жол ашу;
  4. «Төле би» көшесіндегі теміржол өткелін кеңейту, ретке келтіру;
  5. Жарылқапов көшесі мен Қызылорда трассасының қиылысындағы бетон блоктарды алып тастап, орнына көпір немесе айналма жол салу;
  6. Инфрақұрылым желілері жүргізілген көшелерді қайта қалпына келтіру үшін, тас төсеу жұмыстарына қаржы бөлдіруге ұсыныстар енгізу;

Ұсыныстардың орындалуы жөнінде мәлімет:

  1. 2021 жылы 155 шақырымды құрайтын 185 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, инфрақұрылым жүйелері толық аяқталған 13,6 шақырым құрайтын 9 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  2. Бірлік шағын ауданына қарасты ұзындығы 820 м Бөржар көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған көшемен қазіргі уақытта қалаішілік №2 а бағытындағы қоғамдық көліктер қатынауда.
  3. Түркістан қаласы, Бекзат мөлтек ауданына қарасты Қалаби көшесінің (О.Жандосов және Майкотов көшелерінің арасы) автожолын қайта жаңғырту нысаны бойынша ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұсынылды.
  4. Төле би көшесінің темір жолмен қиылысқан жеріне бөлім тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған жерде көлік легі төмен екендігі анықталды. Сондай-ақ, аталған жердегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, темір жол өткелін кеңейту бойынша, полиция басқармасы тарапынан ұйғарымдар ұсынылмаған.
  5. О.Жарылқапов көшесі мен Тынышқұлов көшесіндегі көлік кептелістерін азайту мақсатында, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесін О.Жарылқапов көшесіне қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта, нысанның құрылысына түсетін жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа қайтару жұмыстары жүргізілуде.
  6. Түркістан қаласының инфрақұрылым жүйелері жүргізілген Бірлік, Яссы, Бекзат мөлтек аудандарында 155 шақырымды құрайтын 185 көшеде тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл мәселелер біздің назарымыздан тыс қалмай қадағалауда болып алдағы уақытта шешімдердің орындалуы туралы, халықты хабардар етіп отыратын боламын.

М.ТАҢҒАТАРОВ,

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы.

Leave a reply