ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
48

Бүгінде облыс орталығында жаңа мектеп құрылыстарынан бөлек, бірқатар білім ошақтары жөндеуден өткізіліп жатыр.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2000 орындық жаңа білім ошағының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл соңында қолдануға берілу жоспарлағанымен, қыркүйек айында оқушыларды қабылдайды деп күтілуде. Бүгінде мектеп ғимаратында 350 жұмысшы жұмыс істеп жатыр. Бөлме іштері ақтап, жылу жүйелері жүргізілуде. Сыртқы және ішкі есіктер орналастырылуда. Сырқы қасбеттер қапталуда, едендері мен қабырғаларына кафель жабыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп айналасына бетон төсемелер төселіп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары жаңа білім ұясын ашып, оқушыларды уақытылы тіркеу, сондай-ақ білікті педагог құрамын қалыптастыру сынды жұмыстарды қолға алу жөнінде тапсырма берді.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан қаласындағы оқу нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Алдымен Әйтеке Би атындағы №26 мектебіне барып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қанықты. 300 оқушы орынға арналған білім ошағы 2013 жылы пайдалануға берілген. Былтырғы техникалық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, мектептің кейбір бөліктері қауіпті деп танылған. Бүгінде 30-ға жұмысшы еңбек етіп жатыр.

2007 жылы пайдалануға берілген Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп 800 орынға арналған. Шатыр жабылып, мектеп сырты толық боялды. Электр сымдары, ішкі және сыртқы шамдар ауыстырылды. Мектеп дәліздері ретке келтірілді.

Айта кетейік, еліміздің рухани астанасында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 3, мемлекеттік бюджеттен 1 мектеп бой көтеруде. Аталған 4 білім ошақтары жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Leave a reply