ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫ 38 220 АБОНЕНТТІҢ ІШІНДЕ 37 455 АБОНЕНТІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Бүгінгі таңда, Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 дм трубамен сағатына 1 590 м3 және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 дм құбырымен сағатына 3 200 м3 мүмкіндігімен қарастырылса, қазір сумен қамтылуы сағатына 5 000 м3 Шобанақ елді мекеніндегі 40 000 м3 резервуарға және әкімшілік – іскерлік орталығының жоғарғы жағынан салынып жатқан 16 000 м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізіледі.
Бұдан бөлек, «Түркістан Су» МКК меншігіндегі 21 су ұңғымасы және «Арыс теміржолы» ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала аумағы сумен қамтамасыз етілуде.
Қала ішіндегі тұрғындарының көбеюіне орай «Орталық су қоймасын күшейту мақсатында қосымша сыйымдылығы 5000 м3 (2 дана) резервуарлардың құрылысы» аяқталып, тұрғындарға су берілуде.
Сонымен қатар, 2 нысанның арнайы жобалау сметалық құжаттамалары рәсімделіп, қаржыландыруға ұсынылды.
Қазіргі таңда, шаһар көлемінде ауыз су құбырларын қайта жаңғырту мақсатында 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жұмыс 40%-ға орындалды.
Атап айтқанда, «Мақта зауыт», «Рем зауыт», «1-2 мөлтек аудандар» «Иассы» және «Шауғар» мөлтек аудандарындағы жеке тұрғын үйлердің ескірген және тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңа, заманауи талапқа сай полиэтилен құбырға ауыстырылып, биыл пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, 7500 жеке тұрғын сапалы ауыз су құбырымен қамтылатын болады.
Қала әкімінің орынбасары тұрғындармен кездесудегі баяндамасынан