Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

0
13

Түркістанның тазалығы – басты назарда. Осы ретте қаладағы 875 көше 3 кезекке бөлініп тазаланады. 1-кезектегі 112 көш күнделікті, 2-кезектегі 342 көше аптасына 2-3 рет, ал 3-кезектегі 421 көше аптасына 1 рет тазартылып отырады.

Шаһардағы тазалық жұмыстары бойынша 2 мекеме қызмет атқарады. Олар «Түркістан – жарық тазалық» ЖШС және «Жасыл қала – green city» ЖШС. «Түркістан – жарық тазалық» мекемесі қаланың 160 көшесінің тазалығына жауапты. Онда 340 қызметкер жұмыс істейді және 36 техникамен қамтылған.

Ал, «Жасыл қала – green city» мекемесіндегі 80 қызметкер мен 12 техника шаһардағы 258 көшенің таза болуына атсалысып келеді. Қалған көшелердің тазалығына 6 сектор бойынша 7 жеке кәсіпкер бекітілген. Сондай-ақ төлем жүргізілетін тұрғындардың үлесі 75 %-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау, абаттандыру қағидатын бұзу, жол жабындысын бүлдіру бойынша 8 099 хаттама толтырылып, 100,4 млн.теңге айыппұл салынды.

Жалпы Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экоакциясы асяында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда өңірде аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы облысқа қарасты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.

Leave a reply