Түркістан қаласының дамуы мен гүлденуі екі бағытта жүзеге аспақ

0
115

Түркістан қаласының дамуы мен гүлденуі екі бағытта жүзеге аспақ. Біріншісі туризм болса, екіншісі кәсіпкерлік. Рухани шаһарда бүгінгі таңда туризм аяғынан түрегеліп, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Осы ретте «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын атауға болады. Өйткені осы жоба арқылы тұтас облыс көлеміндегі кәсіпкерлерге 280 ге жуық жоба негізінде 10 млрд теңге көлемінде несие берілген. Осының өзі кәсіпкерлерге мүмкіндік ашылғанын, сол арқылы өңір дамуына тың серпін болары анық көрініс тауып отыр.

Олай болатыны Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» бүгінде өңір тұрғындарына тың серпін беруде. Бұл бағдарламаның мақсаты өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және қызметтерімен толықтыру және импортты алмастыру болып табылады. Осы негізде өңір кәсіпкерлеріне айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқаны байқалады. Атаулы бағдарламалар арқылы қолдаудың маңызын түсіндіру үшін тиісті сала басшылары облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізді. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы өңірде біршама жаңа жұмыс орындары ашылуда.Енді бір сөзбен айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» т.б. бағдарламалар жайлы толық тиімді және өңірдің дамуы мен кәсіпкерлердің өркендеуіне тың серпін болады.

Аталған бағдарламалары кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру инструменттері қаралған. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтерге жататын жобалар аталмыш бағдарламаға қатысушы болып саналады. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, олардың 6%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асқан сәтінен бастап 46 млрд. теңгені құрайтын 321 жоба қолдау тапқан.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қолдаулардың бір түрі несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау болып табылады. Экономиканың басым секторларында өзінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер осы бағдарламаға қатысушы бола алады. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Бағдарлама бойынша 2022 жылдың 6 айында 9,6 млрд. теңгені құрайтын 274 жеңілдетілген несиелер берілген. Анықтап айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін арттырып, шығарған өнім көлемін арттыруға үлкен үлес қосуда. 2021 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 47%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жетті.

Жеңілдетілген несие кәсіп ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Оны алу, құжаттарды дайындау үшін «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ақысыз негізде жүргізеді. Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар қазіргі таңда өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін барынша қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан алғашқы орыннан көрінуде. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда өңі алғашқы үштіктен орын алады. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге үлкен үлес қосуда. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 47%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жеткен. Сәйкесінше, кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемінің артуы ондағы жұмыс жасайтын адамдар табысының артуына септігін тигізеді.

Кәсіпорын ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге өз тарапымыздан түрлі бағытта қолдау көрсетуге мүмкіндік  зор. Түркістан шаһарында зауыт, фабрикалардың салынуы қала экономикасына оң ықпалын тигізіп, сонымен қатар азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ақиқаты барлық ұсыныстарды қарастырып, ұтылмаудың жолдарын да зерттелінеді. Бұл шаралар бизнесті қолдау және қаржыландыру шараларының қолжетімділігін арттыратынына, сондай-ақ бизнестің ел экономикасына үлесін көбейту мүмкіндігін тудыратынына сенім мол.

Leave a reply