Түркістан қаласының тұрғындарына дәмді кофе ұсынатын кофейнялар саны артуда.

0
121

Кофе – қуырылған кофе дәндерінен дайындалатын сусын. Ғалымдардың есептеуінше, бүкіл әлемде әр күн сайын 1,6 млрд шыны аяқ кофе ішіледі екен. Осыдан-ақ бұл сусынды жаны сүйетіндердің қатары көп екенін аңғару қиын емес. Мамандар кофенің екі артықшылығын айтады: біріншіден, кофе – андиоксидант есебінде ағзаны әртүрлі химиялық заттар мен токсиндерден тазартады; екіншіден, жұмыс істеу қабілеті мен еңбек өнімділігін арттыратын кофеин (оны артық мөлшерде қолдану зиян). Сондай-ақ кофенің құрамында B дәрумені, калий мен магний бар. Жалпы соңғы жылдары кофеге деген қызығушылық артып келеді. Әсіресе жастар жағы кофені күнделікті тұтынуға айналды. Олар әрбір таңдарын кофе ішумен бастайды. Бүгінде Түркістан қаласының тұрғындарына дәмді кофе ұсынатын кофейнялар саны артуда. Соның бірі – Traveller’s Coffee. Бұл компания – желілік мейрамхана желісі. Ресейден бастау алатын кофейня бүгінде Түркістан қаласында сапалы, дәмді кофемен тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр.  Қазіргі таңда кофеханаға күнделікті келуші азаматтардың қарасы мол. Олар мұнда дәмді кофе ішіп, жұмыстарын құлшына аттанады. Кофехана тапқан табысынан жергілікті атқарушы органға салық төлеп, еліміздің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуда.  Алдағы уақытта Түркістанда мұндай қоғамдық тамақтану орындары көбейе береді. Әсіресе халықаралық деңгейдегі түрлі мейрамханалар желісі Түркістаннан өз филиалдарын ашуға күш салады.

Дәмі тіл үйіретін, хош иісті сусынның бірі – кофе. Бастауын Таяу шығыстан алатын өсімдік тропиктік аймақтардағы кофе ағашының тұқымы. Кофе ағашы егілген соң, алты жылдан кейін өнім бере бастайды.Әлемде кофенің сан мыңдаған түрі бар. Варашава кофесі, Шығыс кофесі, бразилиялық кофе және т.б. Оның негізгі түсі жасыл, тек қуырған соң қоңырқай тартады. Бұлардың сырт пішіні ұқсас болғанымен, дәмі өз алдына ерекше. Бүгінде кофеге қызығушылар Түркістан қаласында да өте көп. Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер таңертең кофе ішіп жұмысына аттанады. Кофе адамға сергектік сыйлайды. Осы орайда Түркістанда түрлі кофеханалар ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Соның бірі – Noshi Madota кофеханасы. Мұнда клиенттерге сапалы қызмет көрсетеді. Тұтынушылар қалаған кофелеріне тапсырыс беріп, жайлы орындыққа отырып күте алады.  Кофеханалар қазіргі таңда жеткілікті деңгейде табыс тауып отыр. Олар әдеттегідей халыққа қызмет етіп қана қоймай, мемлекетке тапқан табысына қарай салық төлеп, қаланың экономикасына айтарлықтай үлестерін қосып келеді. Айта кету керек, мұндай шағын және орта кәсіпкерліктердің үлесі артқан сайын экономикаға қосар пайдасы да артады.  Түркістан қаласында түрлі қоғамдық тамақтану орындарының саны артып, кәсіпкерлік саласы ерекше жанданып келеді. Алдағы уақытта халыққа дәмді ас, сусын ұсынатын мұндай кофеханалар саны арта бермек.

Leave a reply