Saturday, November 23

Түркістан қаласының әкімі Отырар секторында халықпен кездесуі

0
145

Түркістан қаласының аумағы 22,4 мың гектар аумақта орналасқан.                      2022 жылдың 1 тамыз айына халық саны 194 774 адамды құрап, өткен  жылмен салыстырғанда 3,6% артқан (2021 жылы – 187 998). Оның ішінде, Отырар секторының аумағы 3,4 мың гектарда 50 750 адам бар.

         Жалпы жыл басынан бері секторда 3 кездесу өткізіліп 127 мәселе көтерілген болатын. Атап айтсақ:

– 62 орындалды ( 9 ЖОЛ, 12 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, 6 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК, 15 АБАТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ Т.Б  20);

–  6 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде;

–  59 заңға сәкес түсіндірілді.

Еңбек бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан қаласы бойынша 8 165 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Отырар секторы бойынша 788 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын төленуде, 762 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілуде.

Отырар секторында Ұлы отан соғысының 1 ардагеріне 1 млн. теңгеге 84 тыл еңбеккелеріне 30 000 теңге төленді, 1142 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілуде (183,5 млн.теңге бағытталды).

Одан бөлек, қалада әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Аталған орталық 3 бағытта жұмыс атқаруда.

– тең қоғам;

–  белсенді ұзақ өмір;

– әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 295,4 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланса, 10 айында 204 млрд.теңгеге итнвестиция тартылды.

         Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында  217,8 мың ш.м. құрайтын 3392 пәтерлі (2683 пәтер несиемен, 709 пәтер кезекпен) 53 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

2022 жылдың 10 айында 200,9 мың шаршы метр құрайтын  3 152 пәтерлі 49 тұрғын үй берілген.

Бүгінгі таңға 14 839 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әлсіз топ және көп балалы отбасыларға 709 пәтермен қамтылып, нәтижесінде кезекте тұрғандар саны  14 130 құрайды.

Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік26 жеке мектеп ұйымдары бар, оқушылар саны – 50 841. Оның ішінде, Отырар секторында  9710 баланы құрайтын 4 мектеп орналасқан.

Сондай ақ, №23 Ж.Тәшенов жалпы орта мектебі аусымға өту қауіпі бар.

Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда                  (2 мектеп РБ есесбінен, 9 мектеп Жайлы мектеп бағдарламасы аясында), оның ішінде Отырар секторында 2000 орындық 3 мектеп құрылысы жоспарланған.

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп,                 39 937 абонент (1877-сі қосылмаған) газбен жабдықтау желілеріне қосылды.

Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент (дербес шот ашылғаны – 31 240, техгикалық атқарушы құжат рәсімделуде – 3 266, құжаттар рәсімделуде – 3 554) немесе қала тұрғындардың 91,1% дербес шот ашып пайдалануда. Оның ішінде, Отырар секторы бойынша 14 754 абонент болса 8 763 абонент газ пайдалануда.

Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонент бар болса, олардың тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ.

Отырар секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электрмен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 1 нысанның құрылысы жүргізілуде (2 мың абонент).

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде 8 мәселе көтеріліп, нәтижесінде 8 трансформатор орнатылды.

Бұл өз кезегінде қала тұрғындарды сапалы электрмен қамтуды 98,5%-дан 99% жеткізеді.

Түркістан қаласында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент немесе 98,5% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек (1590 м3/ сағ) және   Мырғалымсай (3 200 м3/ сағ).

Алдыңғы кездесулерде Шаді ақын көшесінде ауыз су қысымы төмен  туралы шағымдар түскен болатын, Қазыбек би мен Б.Саттарханов даңғылы арасындағы тұрғын үй массивінің ауыз су қысымын көтеру мақсатында құрылыс жұмыстары басталды.

Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе қаланың 12 297 абоненті қамтылған.

Отырар секторында 2022 жылы 1 нысанның құрылысы жүргізілуде, 1 нысанға ЖСҚ әзірлендуе.

Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30% дан 10%-ға дейін төмендейтін болады.

Қала аумағында 845 шақырым жол, 875 көше (оның ішінде 316,1 шқ. асфальт жол, 392,5 шқ тас жол, 136,4 шқ топырақ жол). Нәтижесінде, 2022 жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4% дан 39,5% артып, нәтижесінде:

Асфальт жол 333,6 шқ (39,5%),

Тас жол 478,3 шқ (56,5%)

Топырақ жол 33,1шқ (4,0%).

Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (нашар жағдайда).

2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес  78 жаңа автобус (40 – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 – «Жолаушы» ЖШС) алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды.

2020 жылы қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі                     31,8% құраған. жалпы көрсеткіш – 269 көше, 347,7 шқ.

2021 жылы Түркістан қаласында 124 көшеге (147,8 шқ) жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 46,5% құраған. Жалпы көрсеткіш – 393 көше, 495,5 шқ;

2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы                93 көшеге (123,1 шқ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4%-ға жетті. Жалпы көрсеткіш – 485 көше, 618,6 шқ;

Алдағы 2023 жылы қаламыздың 277,2 шқ құрайтын 272 көшесіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 89%-ға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда.

Қала аумағында саябақтар мен гүлбақтар, көшелер мен жасыл баулар мен аумақтарда көгалдандыру күтіп-ұстау, санитарлық тазалық.

Негізгі бағыты: Түркістан қаласы аумағындағы жалпы қолданыстағы саябақтар, скверлер,бульварлар, көшелер мен жасыл аймақтарды тазалау, жинау, жасыл желектерді (ағаш, бұталар,көгал,гүлдер) күту және егу, шағын сәулеттік формалар мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін  күтіп-ұстау және салу. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі.

Қызмет көрсету аумағы: 248  нысан – 524га., ағаш көлемі: 695 247 дана, көгал аумағы: 2 560 000 ш.м., бұталар көлемі:  350 856 дана, гүлдер аумағы: 7 га Техникалар мен  құрылғылар:  211   бірлік  (56 ірі, 155  ұсақ )

Саябақтар 30 нысан 237 га, сквер аллеялар 30 нысан 34га, көшелер  29 нысан 60 га, жасыл алаңдар мен аймақтар 15 нысан 121 га, секторларғабекітілген көшелермен аумақтар 147 нысан 47,5 га.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Отырар секторында  Яссы көшесі бойынан желілік саябақ аумағы 2.98 га құрылысы, «Сырдаия, Арман» тұрғын үй кешенін абаттандыру аумағы 18,8 га, Әкімшілік-іскерлік орталығы 7 және 30 көше бойындағы саябақ 10,5 га құрылысы, «Парасат» саябағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Қала көлемінде гидрантты жүйемен суғару жұмыстары 6 кезеңге бөлінген.

1-кезең Ботаникалық бақ аумағы (трапеция) 611 га, 62 шқ іске қосылған;

2-кезең Б.Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы, 620 га, 110 шақырым іске қосылған;

3-кезең Қазыбек би мен Жарылқапов көшесі аралығы, Батыс Қытай Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 га, 25 шақырым жұмыс жүргізілуде;

4-кезең Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс 320 га, 40 шақырым іске қосылған;

5-кезең Б.Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы           2023 жылға жоспар;

6-кезең Тұран аумағы гидрантты жүйемен қамтамасыз ету 2023 жылға жоспар;

7-9 кезеңдер 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.

Жалпы қала аумағында 68 000 адам жер кезегінде тұрса, 2023-2024 жылдар аралығында 486 га жер (5 000 участік) адамдарға бөлу жоспарлануда.

Leave a reply