Түркістан қаласының 6 секторы бойынша ауыз сумен 37 655 абонент қамтамасыз етілген

2021 жылы су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік – іскерлік орталығы) арқылы 56 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде. Оның қамту көрсеткіші 82,5% болса, биыл 98,5% жетеді.
2023 жылы тағы 4-нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Мақтазауыт,1-2 м/а, Яссы-Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар).
Соның арқасында 9461 абонентке жаңа ауыз желісі тартылады және 2023 жылы қаланы ауыз сумен қамту толықтай 100% болады.