ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ 98% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

0
135

Түркістан қаласының 36 174 (38 220 абонент) ішінде ауыз сумен 37 455 абонент (98%) қамтамасыз етілген (2022 жылдың соңына дейін 100 пайыз қамту жоспарланған).

Бүгінгі таңға, Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 дм трубамен сағатына 1 590 м3 және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 дм құбырымен сағатына 3 200 м3 мүмкіндігімен қарастырылса, қазір сумен қамтылуы сағатына 5 000 м3 Шобанақ елді мекеніндегі 40 000 м3 резервуарға және әкімшілік – іскерлік орталығының жоғарғы жағынан салынып жатқан

16 000 м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізіледі. Бұдан бөлек, «Түркістан Су» МКК меншігіндегі 21 су ұңғымасы және «Арыс теміржолы» ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала аумағы сумен қамтамасыз етіледі. Қала ішіндегі тұрғындарының көбеюіне орай «Орталық су қоймасын күшейту мақсатында қосымша сыйымдылығы 5000 м3 (2 дана) резервуарлардың құрылысы» аяқталып, тұрғындарға су берілуде.

Сонымен қатар, 2 нысанның арнайы жобалау сметалық құжаттамалары рәсімделіп, қаржыландыруға ұсынылған.

Жалпы қала көлемінде ауыз су құбырларын қайта жаңғырту мақсатында 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 40%-ға орындалды.

Атап айтқанда:

2021 жылы Түркістан қаласындағы «Мақта зауыт», «Рем зауыт», «1-2 мөлтек аудандар» «Иассы» және «Шауғар» мөлтек аудандарындағы жеке тұрғын үйлердің ескірген және тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңа, заманауи талапқа сай полиэтилен құбырға ауыстыру мақсатында қайта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы пайдалануға толығымен тапсырылады, қосымша 7500 жеке тұрғын сапалы ауыз су құбырымен қамтылатын болады.

Leave a reply