Түркістан: Қала мен сала

0
98

Мемлекет басшысы бұған дейін түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістанға нақтылы түрде Республикамыздың рухани және тарихи елордасы мәртебесін беру керектігі жөнінде атап өткені белгілі.
Президент Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз»,-деген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев түркістандықтармен кездесуде халықаралық ахуалға қатысты еліміздің басты ұстанымы туралы айтты.
– Біз мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет. Ал бірлік – бейбітшіліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Осы орайда, қазіргі халықаралық ахуал жөнінде айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан парасаттылық пен сабырлық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділік. Осы құндылықтардан айырылып қалсақ, елімізге үлкен қауіп төнеді. Мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек. Бұл – негізгі қағидат. Мен мұны халықаралық аренада үнемі ашық және анық айтып жүрмін,-деп еліміздің негізгі рухани және тарихи тамырына қатысты ұстанымының түбірі Түркістанда екендігін жеткізді.
Жақында ғана Түркістан шаһарының басшысы Нұрбол Тұрашбеков Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, қаладағы алты сектордың тұрғындарымен кездесулерін сәтті өткізіп қана қоймай, әрбір сектордың алдағы атқаратын стратегиялық бағдарларын бекітіп берді. Ендеше, осы киелі шаһардағы басты һәм басым бағыттардың қалай жүзеге асырылып жатқандығына тоқталалық.

Аздан да, көптен де үнемдеу – уақыт талабы

Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алғалы бері киелі шаһарға қоныс аударушылар қатары күн санап артып келеді. Осыған орай, алты секторға бөлінген қаланың шағын аудандарында су жүйелерінің ескіргендігі, Кеңес кезінде салынған құбырлардың тозығы жеткендігі, ауыз суды пайдаланушылардың көңілінен шықпайтындығы қала әкімімен кездесулерде жиі айтылады. Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігі жергілікті тұрғындардың денсаулығы осы сапалы ауыз суға қатысты екендігін терең ұғынып, елдің арыз-шағымына құлақ түріп отырады. Мәселен, алты сектордағы жергілікті тұрғындармен кездесулерде айтылған арыз-шағымдар бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
«Шауғар» тұрғын үй алабында ескірген ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және металл құбырлары арқылы жүргізілген су желілерін полиэтилен құбырларын ауыстыру мақсатында 91 шақырым ауыз құбырларының құрылысы басталды. «Шауғар» тұрғын алабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс өткізілуде, құрылыс қазан айында басталады деп жоспарлануда.
«Отырар» тұрғын алқабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылып, конкурс өткізілуде. Қазан айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша 38 820 абонент ішінде 37 655 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңға Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 диаметрлік трубамен сағатына 1590 м3/сағ және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3200 м3/сағ мүмкіндігімен қарастырылса, Шобанақ елді мекеніндегі 40 мың м3 резервуарға және Б.Майлин көшесі аумағында орналасқан 16 мың м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізілуде. Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
2023 жылы бес Яссы және Шаугар, Мақтазауыт, Н.Төреқұлов, Орталық су қоймасы 5000 м3, 1,2 мөлтек ауданда бес нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жалпы бес нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде 13961 абонент сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Қаланы таза сумен қамтамасыз ету қазіргі таңда 98,5%-ы құрап отыр.

Табиғи газбен қала тұрғындары түгелге жуық қамтылды

Қала тұрғындары төрт жылда атқарылған жұмыстардың таңғаларлық қарқынмен жүргізілгеніне қарамастан мемлекеттік құрылымдарға тапсырыс берумен қатар, арыз-шағымдарын да көбейте түскендігі байқалады. Себебі, облыс мәртебесін алған түркінің төрі барынша заманауи талаптарға сай болғаны жөн. Ендеше, барлық алты сектордағы атқарылған кешенді жұмыстарды тарата әңгімелегенде ең өзектісі тұрғындарды табиғи газбен қамту болып отыр. 

Қала әкімі жергілікті тұрғындармен кездесулерінде алдымен осы жайға бас көңіл бөлді.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ешнәрсені жасырмай алты сектордағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқандығына бөлекше тоқталды.
Мәселен, қазіргі таңда конкурс өткізілуде, құрылыс қазан айында басталады деп жоспарлануда. «Бекзат» тұрғын үй алабында жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді де табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды. Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орындалуы 75% құрап отыр.
Күні бүгін Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 40 579 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Қазіргі таңда көгілдір отынды 38 648 абонент пайдалануда. Қамту көрсеткіші 95,2% құрады.
2022 жылы жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жеке тұрғын үйлерді газбен қамту нәтжесінде 1229 абонент табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіш – 98% болады деп жоспарланып отыр.

Сапалы электр желісі мен үзіліссіз жарық ауадай қажет

Жасыратыны жоқ, тәжтажал індеті кезінде киелі шаһардағы көптеген жер үйлердегі тұрғындар электр жарығының қуаты төмендігінен көп зардап шекті. Себебі, кезінде қала шетінен қоныс тепкендер өз қаржыларына трансформатор орнатып, ол сондағы екі жүздей үйге жеткілікті болса, қазіргі кезде қаланың аумағы үлкеюіне және трансформаторлардың қуаты жетіспеуіне байланысты тұрғын үйлердегі тұрмыстық құралдардың да істен шығуы көбейді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесуде жергілікті тұрғындардың көтерген мәселесінің ең маңыздысының бірі осы болды.

Бұл мәселе де кезең –кезеңімен, рет ретімен шешіліп келеді. Мәселен, Сауран секторында әкіммен сұрақ-жауап бөлімінде сектор аумағындағы елді мекендердегі тазалық, электр бағаналарын ауыстыру, көшелерге асфальт төсеу, қалалық маршруттар бағытын ретке келтіру секілді бірқатар мәселелер қозғалды.

  • Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады. Сол себепті түсіністікпен, сабырмен қарауға шақырамын. Жалпы көтерілген барлық мәселені алдағы уақытта міндетті түрде басшылыққа ала отырып, орындауға тырысатын боламыз. Әсіресе, қаламыздағы электр бағаналардың 70%-ы ескірген. Апатты жағдайда болған электр бағаналар болса, оларды жедел ауыстыруға тапсырма беремін – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
    Тәжтажал індеті кезінде қалалықтардың барлығы да Интернетті пайдалану кезінде, оқушылардың онлайн оқу тұсында электр жарығының жетіспейтіндігі байқалды. Бұл бір жағынан қалалықтар қатарының тым тез көбеюіне байланысты сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету кезек күттірмейді. Қаламызды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Яссы», «Шауғар» мөлтек аудандарына және ХКТУ аумақтарын 10-0,4 кВ жоғары кернеулі электр кабель салу құрылысы,темір бетонды бағаналарын орнату және заманауи кабельдік жүйеге ауыстыру және әрбір үйдің есептегі жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған жоба бойынша жеке үйлерге, яғни абоненттерді жаңа тоқ желісіне қосу жұмыстары жалғасуда, қыркүйек айында толық қосылып бітеді деп күтілуде. «Отырар» тұрғын алқабында бүгінгі таңға он жаңа трансформатор ауыстырылды. Қосымша онтрансформатор ауыстыру жоспарлануда. Бекзат секторында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында төрт дана трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда, Бекзат секторындағы Жамбыл мектебінің жоғарғы тұсындағы 514 үйді қамтитын электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Құрылысын жүргізу 2022-2023 жылдарға жоспарлануда.
    Жалпы, Түркістан қаласы бойынша 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВт).
    Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды, толық аяқталғанда 3897 абонент сапалы электр желісіне қосылады.
    Биылғы жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту және 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда. Нәтижесінде жеке тұрғын үйлерге арналған нысан аяқталғанда қосымша 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
    Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын электрмен қамтуды 94,7%-дан 95,2% жеткізеді.
    Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВт). Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды, толық аяқталғанда 3897 абонент сапалы электр желісіне қосылды.
    Биылғы жылы бір нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту және үш нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда. Нәтижесінде жеке тұрғын үйлерге арналған нысан аяқталғанда қосымша 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын электрмен қамтуды 94,7%-дан 95,2% жеткізеді.

Жылу беру маусымына әзірлік барысы кестеге сай
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің алты сектордағы тұрғындармен кездесулерінде көп айтылатын шағымдар мен өтініштердің дені жылу беру маусымы кезіндегі олқылықтар. Соған орай, қаладағы сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен нысандар кезең-кезеңімен ауыстырылуда.
2021 жылы бір нысанның құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14,2 шақырым қамтылды. Жылу құбырларының тозу деңгейі 79%-дан 30% төмендеді.
Сонымен қатар бір нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс жүргізу 2023 жылға жоспарлануда. Нәтижесінде жылу құбырларының тозу деңгейі 30%-дан 10%-ға дейін төмендейді.
Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3.
Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 32,2 пайызды құрап, 12297 абонент пайдалануда.
Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 15 нысанға бөлінген. Оның ішінде үш нысан Тұран-1, Отырар-1, Отырар ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын алаптан №21 канализациялық сорғы станциясына дейін ағын сулардың магистральды жүйесін салудың құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылған.
Қазіргі таңда, алты нысанның Бірлік, Ортақ-1, Тұран-2, Бекзат, Отырар-2, Яссы және Ыждыхат алаптарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, республикалық бюджетке төрт нысан енгізілді. Олар Түркістан-Қызылорда тұрғын үй массиві, Алтын Шаршы, Ортақ-2, Яссы және Ыждыхат 2-кезеңі қаржыландыруға ұсынылып, екі нысанның Ортақ-3 және Баянауыл аумағының жобалық сметалық құжаттары рәсімделуде.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы сарқынды су жүйесімен 95% қамтамасыз етілетін болады.

Алты сектордың аумағы абаттандырылуда

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесулерде тұрғындардың жиі шағымданатын тұстары – ол шағын аудандарда қарапайым тас жолдың болмауы, балалардың ойын алаңдарының жоқтығы, жаяу жүргіншілердің көктемде, күзде батпаққа белшеден батып жүретіндігі. Осыған орай Нұрбол Әбдісаттарұлы бұл мәселені кешенді түрде қолға алды. Алты секторды аралап өз көзімен көрді. Жедел іске кірісті. Елмен кездесулерде ешнәрсені жасырып қалмай, шындығын жеткізді. Нәтижесінде атқарылған жайлар көңіл көншітерлік.
Мәселен, «Бірлік» сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді. 3,3 шақырымды құрайтын 3 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтуде. 35 шақырымды құрайтын 33 көшені жарықтандыру жоспарлануда. 12 шақырымды құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде. Құрылысы қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Жұмыстардың 90 пайызы аяқталды.
Жалпы жобаға сәйкес, 85 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталды
«Шауғар» тұрғын алабындағы 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде. Бұл жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. 20 шақырымды құрайтын 31 көшеге тас төселді. 3 шақырымды құрайтын 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. Тұрғындардың өтініші бойынша балалар және шағын футбол алаңшасы салынды.
«Сауран» тұрғын алабындағы І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Ендігі кезекте, ІІ-мөлтек ауданды да абаттандыру қолға алынды.
«Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды.
Қазіргі таңда «Отырар» тұрғын үй алабына қарасты 15 шақырым құрайтын он бір көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Отырар секторында жолдардың орташа жөндеу жұмыстары алты шақырымға дейінгі, алты көшеде ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Екі шақырымдық екі көшеге асфальт жабындысы төселінді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
Отырар шағын ауданында биылғы жылы көпқабатты үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аулаларды көгалдандыру жұмыстары, бүлінген ойын алаңшаларын ретке келтіру және жаңадан ойын алаңшаларын салу, автотұрақтар салу, аяқжолдарға өрнектас төсеу, түнгі жарықшамдар орнату, суағарлар жүргізу, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының сексен пайызы аяқталды. Одан бөлек, Отырар шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің сыртқы сәулетін жарықтандыру жұмыстары бастау алды.
Қазіргі таңда «Бекзат» тұрғын үй алабына қарасты үш шақырым құрайтын төрт көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Жолдардың орташа жөндеу жұмыстары – 1,8 шақырым құрайтын Самал көшесіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар 53,2 шақырым құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталды.
Биылғы «Балалар жылында» абаттандыру жұмыстарының барысында Бекзат мөлтек ауданында ескі мазарат аумағында балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 90 % аяқталды.
Қала әкімінің айтуынша, бірінші кезектегі мәселелер – көшелеріміз. Қалада 875 шақырымды құрайтын 845 көше болса, соның 30%-ы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Бұл бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Автобус паркі толығып, аялдамалар жасалуда
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесулерде жиі айтылатын күрделі мәселені бірі, киелі шаһарда заманауи автобустардың жетіспеушілігі, аялдамалардың сұрықсыздығы, жолаушыларға пана болмайтын сапасыз құрылыс заттарынан салынуы. Осыған орай қазіргі таңда осы мақсатта бірқатар мәселелер рет-ретімен шешілді.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша 2022 жылға 150 аялдама орнату және 64 шақырымды құрайтын 54 көшеге аяқжол салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта Отырар секторына қарасты 45 орынға аялдама нысаны орнатылды. Сондай-ақ, аяқ жол салу жұмыстары бес шақырымды құрайтын төрт көшеде іске асырылды.
Қала тұрғындарын толғандыратын өзекті жайлардың бірі жолаушыларды тасымалдау мәселесі. Ағымдағы жылы тасымалдаушы мекемелер тарапынан 74 автобус сатып алынып № 6,10 бағыттарды қайта жаңартылды. Қосымша №16,17,20 бағыттарды іске қосу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта, соның 28 дана автобусы алынып, №6,10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылатын болады.

  • Қоғамдық көліктер жаңартылуда. Толығырақ айтсақ, алдағы жылдың соңына дейін қаланы 100% жаңа көліктермен қамтамасыз ету жоспарда бар. Бүгінгі күнге дейін 78 көлік жаңартылса, жыл соңына қарай тағы 46 көлік келеді деп күтілуде – деді тұрғындармен кездесуінде шаһар басшысы.
    «Әкім бол, халқыңа жақын бол!». Бұл тәмсіл біраздан бері жалаң ұран болып келсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдеріне жұртшылықтың алдына ай сайын шығып есеп беруін, аудан, қала әкімдерінің үш ай сайын ашық та сындарлы, жаңа форматта кездесулер өткізуін тапсырған болатын.
    Міне, бұл кездесулер әкімдер мен билік өкілдерінің халық алдында жауапты екендігін көрсетеді. Яғни, әкімдер халықтың қалтасынан құралған бюджеттің ақшасына күн көріп отырғандарын ұмытпауы тиіс. Мұны билік өкілдері шынайы түрде түсіне бастады. Соның бір дәлелі ретінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың жұртшылықпен кездесуінде тұрғындардан 455 шағым арыздар түскен болса, қазіргі таңда оның 326-сы толық орындалған. 105-і орындалу үстінде. Бұл өте мықты көрсеткіш.

Leave a reply