ТҮРКІСТАН: «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ЖОБАСЫМЕН «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСАДЫ
Түркістан облысында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағытыда өтетін өңіраралық «Қоныс аудару» жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңкені халқы тығыз орналасқан Сарыағаш пен Сайрам ауданында және Түркістан қаласында өткізу жоспарланған.
Іс-шараға Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облысынан жалпы 73 өкіл қатысып жатыр. Аталған жәрмеңкеге 6 өңір бойынша барлығы 11 657 бос жұмыс орны ұсыналады. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы – 1246, Абай облысы – 1279, Шығыс Қазақстан облысы – 2393, Павлодар облысы – 3464, Ұлытау облысы – 523, Қарағанды облысы – 2752 бос жұмыс орны бар.
Облыстық мәслихат депутаттары – Жаңабай Ағабеков және Уәлихан Рахиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысып, сөз сөйледі.
2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде облыстан 2015-2023 жылдар аралығында 13 758 адам қоныс аударған. 2023 жылдың қорытындысымен республика бойынша 6 727 квота белгіленсе, оның 29,3%-ы Түркістан облысынан қоныс аударғандар. Ал 2024 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан республика бойынша 7050 квота бөлінген.
Айта кетсек, көшу шығыстарын өтеу бағдарлама қатысушыларына және олардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 тг) мөлшерінде көмек беріледі. Аудан тұрғындары ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина, білім, көлік, құрылыс салалары бойынша тапшы болып отырған мамандықтар туралы қызықтырды. Өткен жылы ауданнан 74 отбасы еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аударған.