ТҮРКІСТАН: “ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ” ЖОБАСЫМЕН КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

0
25

Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Оңтүстікте 7 жыл бұрын қолға алынған еді. Басты мақсат – жұмыс күші тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті азаматтарды тарту болатын. Дерек көздеріне сүйенсек, осы жылдар аралығында Қызылжар өңіріне 2 мыңға жуық отбасы қоныс аударыпты. Жасыратыны жоқ, солтүстікті жерсінбей, туған өлкесіне қайта оралған 100-ден астам отбасы да бар. Бұрын әлеуметтік келісімшарт бойынша қоныс аударушылар теріскей өңірде 1 жыл болуы тиіс-тұғын. Қазіргі таңда бұл мерзім 5 жылға дейін ұзартылды.

«Қуатты өңірлер –ел дамуының драйвері» жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан Солтүстікке 9812 мүшесі бар 2556 отбасы қоныс аударса, ал 2021 жылы 816 отбасы,яғни 3730 адам қоныс аударып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есеге дейінұлғайған. Ал, 2022 жылдың басында Павлодар облысы әкімі орынбасарыныңбастауымен облысымызға үш топ делегация келіп, солтүстік өңірлерге қоныс аударумәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ашық есік күндерінөткізді. Насихаттау жұмыстары облыстың барлық аудандары мен қалаларында жәнеауылдық округтерде ұйымдастырылды. Кездесуге 2000-ға жуық тұрғындар қатысқан. Нәтижесінде жыл басынан бері 28 отбасы 145 адам Павлодар облысына қоныс аударды.

Солтүстік облыстарда еңбек нарығын толықтыруға, солтүстік халқының демографиялық ахуалына, сондай-ақ, тіліміз бен діліміздің дамуына оңықпалын тигізетін – «Оңтүстіктен – Солтүстікке» көшу саясатының маңызы зор.Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің 2022-2026 жылдарғаарналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасының негізінде «Қуатты өңірлер– ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асырудың маңызы жоғары. Осы арқылы2026 жылға дейін солтүстікке қоныс аударған азаматтардың жұмыспен қамтудеңгейін 87 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Инфрақұрылымдық жобаларды,еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін бес жылда оңтүстіктен 35 мың адамдытарту жоспарланған. Еңбек күші тапшы өңірлерді қолдау мақсатында Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын оңтүстіктен солтүстікке қонысаударушылардың квотасын бекітеді. Үкіметтің есебі бойынша, биыл квота 6 587адамға берілмек.

Leave a reply