Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА 49 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

0
16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет және оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес екендігін түсіндірген болатын. Бүгінде мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр. Осы орайда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған болатын.

Биылдың өзінде Мақтаарал, Ордабасы мен Жетісай аудандарындағы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 3-нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың жалпы құны 1 102,4 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ Ордабасы ауданында фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде.

Жалпы Түркістан облысы бойынша Ұлттық оператормен 3 үлгілі нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алған. Атап айтқанда, Қазығұрт, Төлеби мен Түлкібас ауданындарындағы елді мекендерде медициналық нысан құрылысы жүргізіледі.

Қазіргі таңда аталмыш ұлттық жобаны жүзеге асыруда Түркістан облысы бойынша 49 медициналық нысанның құрылысы бой көтермек. Медициналық көмекті қол жетімді ету мақсатында жаңадан бой көтеретін емдеу нысандары шалғайдағы ауылдарда салынбақ. Бұдан басқа, Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес Түркістан қаласында 190 төсектік көпбейінді аурухана мен облыстық балалар ауруханасы, Сарыағаш қаласында — аудандық орталық ауруханада 240 төсектік перинаталдық орталық, сондай-ақ Сарыағаш және Арыс қалаларында екі емхана салынады.

Медициналық кадрлардың тапшылығын жою мақсатында дәрігерлер үшін жыл сайынғы стипендияны 15-20%-ға арттыру жүргізіледі және медициналық білім беруді жас мамандар үшін тартымды ету үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының құны қайта қаралады. Жалпы, Түркістан облысы халқының медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 63,1% деңгейінде бағаланды, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен асады.

Жобаның шеңберінде ауылда 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарының құрылысы көзделген. Бұл нысандар озық медициналық жабдықтармен жарақтандырылып, білікті медициналық персоналмен қамтамасыз етілетін болады, бұл ауылдық аумақтардың тұрғындарына өз елді мекендерінде тікелей қолжетімді және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, төрт аудандық ауруханаға: Сарыағаш, Жетісай, Ордабасы және Сайрам ауруханаларына күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізу көзделген. Бұл мекемелер ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің негізі болады.

Бұдан басқа, Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес Түркістан қаласында 190 төсектік көпбейінді аурухана мен облыстық балалар ауруханасы, Сарыағаш қаласында — аудандық орталық ауруханада 240 төсектік перинаталдық орталық, сондай-ақ Сарыағаш және Арыс қалаларында екі емхана салынады.

Leave a reply