ТҮРКІСТАН: ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛАДЫ
Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді.
Өңдеу саласында облыста «Саутс Ойл» компаниясының «Созақ Фосфат» фосфорит өндіру және «Састөбе инновациялық кешені» каустикалық сода, «Стандарт Петролюм» мұнай өңдеу зауыты сияқты инвестициялық жобалар іске асқан жағдайда, өңірдің өнеркәсіп саласындағы шығарылатын өнім көлемінің өсуіне септігін тигізеді. Аталған бағытта жобалардың мерзімінде іске асырылуы бақылауға алынып, нақты жұмыстар жүргізілуде. Отандық инвесторлар тарапынан Ордабасы ауданында мұнай өнімдерін өңдеу зауытын салынды. 650-ден астам адамды жұмыспен қамтитын өндіріс орнында жылына 2 млн. тонна өнім өндіріледі. Түлкібас ауданында каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты салынуда. Бүгінде зауыттынң инфрақұрылымы жасақталуда. Созақ ауданында фосфорит кендерін өңдеу зауытының іске қосылғанда 1 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазығұрт ауданындағы Өгем өзенінде Каскад ГЭС құрылысы қарқынды. Түлкібас ауданында компания қуаты 320 МВт газ электр станциясының құрылысын жүргізілуде.
Түркістан облысында жалпы өнеркәсіп өнімінің 44,6% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Биыл бұл саладағы өнім көлемін 422,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Өнеркәсіп саласында 14,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылы жалпы сомасы 26,1 млрд. теңгеге 540 жаңа жұмыс орнын құрайтын 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда жалпы 5,4 млрд. теңгеге 6 жоба 215 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды.
«Жобаның инвестициялық құны 100 млрд теңгені құрайды, 250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жалпы өңірдің республикалық бюджеттің трансферттеріне тәуелділігі жоғары. Өзіндік кірістерді көбейтуіміз қажет. Осыған орай, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі», — дейді Д. Сатыбалды.
Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы 336 млрд теңге инвестиция тартылған. Салада жаңа технология кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5405 гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналады (Бұрын 60-70 центнер жиналған). Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 60 жобаны іске асыру жоспарланса (құны 54 млрд теңгені құрайтын 1 318 жұмыс орны), бүгінгі таңда оның 16-сы (5 млрд теңге сомасына 157 жұмыс орны) іске қосылған.