Четверг, 12 июня

ТҮРКІСТАН: ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

0
21

Биыл Түркістан облысында өнер және мәдениет саласында бірқатар ауқымды жобалар мен шараларды жүзеге асырып, өңірдің рухани және мәдени әлеуетін арттыру бағытында маңызды қадамдар жүзеге асуда. Түркістан облысы тұрғындарының назарына өңірде мәдениет саласында атқарылып жатқан жобалар жайында ақпарат ұсынамыз.

Түркістан облысында мәдениет саласы дамып келеді. Облыста жалпы 704 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 681 мекеме аудан-қала әкімдіктеріне, 23 мекеме облыстық мәдениет басқармасына қарасты. Бұл мекемелердің қатарында клубтар, кітапханалар, театрлар, музейлер және басқа да мәдени нысандар бар .

Сонымен, облыста мәдени-рухани орталықтардың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қалпына келтіріліп, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағы абаттандырылуда. Бұл шаралар өңірдің мәдени мұрасын сақтап, туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етуде. 2025 жылдың 20 наурызында Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен туристік маусым ашылды. Мерекелік шарада «Jana lep» шығармашылық ұжымы қазақтың ұлттық әндерін орындап, көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар, балалар ұлттық ойындар ойнап, тарихи кейіпкерлер бейнеленді. Мереке аясында 2,5 тонна наурыз көже пісіріліп, халыққа ұсынылды.

Өнер мектептерінің құрылысы да жалғасуда. Биыл 150 орындық екі жаңа өнер мектебі пайдалануға беріледі. Бұл білім беру мекемелері балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнер саласындағы білім сапасын арттыруға бағытталған. Түркістан қаласында мәдениет пен спортты дамытуға арналған инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Әкімшілік-іскерлік орталықта теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені және басқа да мәдени-спорттық нысандардың құрылысы жоспарланған. Бұл жобалар өңірдің мәдени және туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.

Түркістан облысы 2025 жылы өнер және мәдениет саласында қолға алған бастамалар арқылы ұлттық мәдени мұраны сақтап, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосуда. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында мәдени-рухани орталықтар мен инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда.Бұл жобалар облыстың мәдени және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.Атап айтқанда, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қалпына келтірілуде, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағы абаттандырылуда.Сонымен қатар, Керуен Сарай тұрғын үй кешені, Аманат коттеджі қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Хилует мәдени-рухани орталығы салынып жатыр. Сонымен қатар бүгінде облыста 11  мәдени нысан салынып, 6 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауыл — Ел бесігі» жобасымен тағы 5 мәдениет ошағының құрылыс жұмыстары қолға алынған

Биыл облыс аумағында жалпы сомасы 37,9 млрд. теңгеге 42 туристік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар қатарында «Yassy hall and apartments» қонақ үйі, 30 бөлмелі қонақ үй, 100 бөлмелі қонақ үй, «Medina Palace» қонақ үйі, «Отау» ойын-сауық орталығы, фитнес-клуб, мұз айдыны сияқты нысандар бар . Сонымен қатар 2025 жылы облыста халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде байқаулар мен фестивальдер, ақындар айтысы, конференциялар мен симпозиумдар, мерейтойлық іс-шаралар өткізілді.Мәселен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе республикалық «Рухани қазына – 2022» өнер фестивалі және «Алтын домбыра» ақындар айтысы ұйымдастырылды.Өңірдегі 3 кәсіби театрда 5 жаңа спектакль сахналанып, 588 спектакль қойылды, 103859 көрермен қамтылды.Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Конгресс холл» көп салалы кешенінде 224 концерт және мәдени іс-шаралар өткізіліп, 88200 көрермен қамтылды

«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2025 жылы Түркістан облысында 63 мектеп салынады.Бұл мектептердің құрылысында Түркістан қаласындағы жиһаз шығаратын ірі кәсіпорындардың өнімдері пайдаланылуда.Мәселен, «Akniet Holding» мүгедектер қоғамы» және «СП Туран Мебель» ЖШС мектепке қажетті жиһаз бұйымдарын өндіруде.Бұл жобалар арқылы мектептерді сапалы отандық жиһазбен қамту көзделуде

Айта кету керек, облыс бойынша 628 елді мекеннің 204-інде мәдениет мекемесі бар, ал 424 елді мекенде мәдениет мекемесі жоқ. Бұл жағдайды ескере отырып, облыс әкімдігі мәдениет мекемелерінің құрылысын жоспарлап, халық санына сәйкес мәдениет үйлерін салуды көздеуде .

Жалпы Түркістан облысында мәдениет және руханият саласы қарқынды даму үстінде. Оған дәлел, Түркістан облысында мәдениет пен руханият салаларын дамыту бағытында ауқымды жобалар мен нақты шаралар іске асырылуда. Өңірдің тарихи мұрасын сақтау, мәдени инфрақұрылымды жаңарту және халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру – басты басымдықтар қатарында. Облыс көлемінде қазіргі таңда 704 мәдениет және өнер мекемесі жұмыс істейді. Оның 681-і аудан мен қалаларға, ал 23-і облыстық мәдениет басқармасына қарасты. Бұл мекемелерге клубтар, кітапханалар, музейлер, театрлар мен мәдениет үйлері кіреді. 2025 жылы 11 жаңа мәдени нысанның құрылысы қолға алынып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 жаңа мәдениет үйі салынып, 6 ауыл клубы жөнделіп жатыр. Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы мен Күлтөбе қалашығында археологиялық және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар өңірдің тарихи-рухани мұрасын жандандырып, туризм әлеуетін арттыруда. Өңірдегі үш кәсіби театрда жыл бойы 588 спектакль қойылып, оған 100 мыңға жуық көрермен қатысты. Жаңа маусымда 5 жаңа қойылым сахналанды. Сондай-ақ, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен Конгресс холл кешенінде 224 концерттік шара өтті. 2025 жылы облыста бірқатар республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында «Алтын домбыра» ақындар айтысы, «Рухани қазына» фестивалі, түрлі көрмелер мен ғылыми-мәдени форумдар бар.

 

Leave a reply