ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүруде. Өңірде жалпы өнім көлемінің өсімі 107,1 % құрап (216,9 млрд. теңге), республикада бірінші орынға шықты.
Аталған бағытта Қытайлық инвесторлар Түркістанан кәсіп ашуға қызығушылық танытып отыр. Нақтырақ айтсақ, өңірде ауыл шаруашылығы мен азық түлік тауарын әзірлейтін зауыт салынбақ. Сондай-ақ өңірде Түркістан облысында сүт және жеміс, көкеніс өңдейтін кәсіпорындар заманауи құрылғылармен қамтылмақ. Өткен жылы облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнім өндіру және өзге де металл емес минералдық өнімдер сияқты бағыттар бойынша ұлғайған.
Қытай біз үшін тек қана көрші емес, сенімді серіктеске айналды. Бұл қарым-қатынастан қос тарап та ұтылмайды. Шетелдік инвесторларға кәсіп ашу үшін жақсы жағдай жасалады. Есесіне елімізде жаңа жұмыс орны пайда болады. Ел экономикасына оң серпіліс береді. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды қытайлық кәсіпкерге Түркістан облысының индустриалды әлеуітін көрсетті. Қытайлық кәсіпкер өңір мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнеркәсіп саласында
362,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,2% өсім көрсетті. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінде 164 млрд. теңге, тау-кен өндіру және карьерлерді қазу бойынша 163 млрд. теңге, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 33 млрд. теңге, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметі 3 млрд теңгені құрады.
Ал Тамақ өнімдері – 2 жоба, 2,7 млрд.тг-ні құрады. Жалпы Түркістан облысында былтыр 30,2 млрд. теңгеге
20 инвестициялық жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған. Олардың басым көпшілігі құрылыс саласы мен тамақ өнеркәсібіне қатысты. Аталған жобалардың барлығы демографиялық өсімі жоғары облыс халқын жұмыспен қамтып, тұрмыс сапасының артуына септігін тигізуде.
Айта өтсек, бұл бағытта Төлеби ауданы – өнеркәсібінің негізгі бағыты жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Бұл бағыттағы аудан потенциалы өте мол. Өнеркәсіп саласында ауданымызда 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта кәсіпорындар, 15 шағын кәсіпорындар, 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. Олар: «Газпромнефть-Битум Казахстан» ЖШС, «ФудМастер-Шымкент» ЖШС, «Ақмаржан LTD», «Аққұм Астық», «Атамекен Корпорациясы», «Балмұздақ » ЖШС. Ауданымызда кәсіпкерлік саласында 7096 субъекті жұмыс істейді. Аудан аумағында республикаға және алыс, жақын шет елдерге танымал «Балмұздақ» ЖШС-і орналасқан. «Балмұздақ» ЖШС-і өз өнімдерімен бүкіл Қазақстанды қамтып отыр. Сондай-ақ, өнімдерін көршілес шет елдерге де эскпорттауда. Серіктестік ұдайы заман талабына сай озық технологияларды ендіріп, балмұздақ өндірісі үшін қажетті барлық шикізатпен қамтамасыз етілген, арнайы талапқа сай сертификаттары бар. Бүгінгі таңда 200-ден астам жұмысшысы бар кәсіпорында 50-ге жуық балмұздақ түрі өндіріледі. Бұған қоса, «Балмұздақ» ЖШС-і шоколад өңдейтін цехін іске қосып, отандық өнім «Түркістан» және «Perfetto» сауда белгісімен шоколад өндіру жұмысын қолға алған.
Сүт өнімдерін дайындайтын «FoodMaster» ЖШС орналасқан. «FoodMaster» – бұл жоғары сапалы отандық йогуртты қазақстандық нарыққа шығарған алғашқы кәсіпорын. Компания 1995 жылы Есік қаласындағы зауытты сатып алып, алғашқы қазақстандық йогурт шығарды. 1998 жылы Компания құрамына «FoodMaster Шымкент» ірімшік жасау зауыты кірді. Алғашқы кезде Оңтүстік Қазақстан облысының Көксәйек елді мекеніндегі FoodMaster компаниясының бөлімшесі ретінде құрылып, кейіннен «FoodMaster – Шымкент» сүт зауытына айналды. Компания жұмысын аудан көлемінде бастаған кезден бастап, ауыл халқы сүттерін осы мекемеге өткізіп, компанияның айнымас серіктестігіне айналды. 1998 жылы әлемге әйгілі шведтік «Тетра Пак» компаниясының жоғары технологиялық желілерінде ультра пастерленген сүтті өндіру бойынша Қазақстандағы тұңғыш зауыт кәсіпорынның құрамына кірді. Компанияның өнімдері барлық халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Өнім шығару сұрыпталымы мен көлемі үнемі өсуде. Зауыт тұрақты түрде тәулігіне 100 тоннаға жуық табиғи сүт өнімдерін өндіреді. Зауытта 120-дан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорын Түркістан облысы тұрғындарының күнделікті сүт жинауымен айналысатын 16 фермерлік шаруашылықпен және 16 жеткізушілермен ынтымақтастық жасайды.