Суббота, 14 сентября

ТҮРКІСТАН: «TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

0
20

Қазіргі таңда өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары толығымен аяқталған. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жолға асфальт жабындысы төселінді. Жол құрылысы биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. Темір жол құрылыс жұмыстары да жүргізіліп, 2,1 шақырымға релістер орнатылды. Су құбырының 8,5 шақырымы тартылып, кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр тартылды.

Жалпы Мемлекет басшысының Түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында Түркістан қаласында «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын.
Атап айтқанда «TURAN» АЭА аумағында қолданыстағы заңнамада шектеу қойылған қызмет түрлерінен басқа экономикалық қызмет түрлерінің «өңдеу өнеркәсібі» секциясына жататын қызметтің барлық түрі қамтылады. Аймақта халықаралық, өңірлік стандарттары және дауларды шешуде британдық (Арбитраж) құқықты қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Келесі жылы электрмен жабдықтау жұмыстарын тапсыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, аймаққа 50-ге жуық кәсіпорын орналасып, мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. «Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі.

Облыста 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 трлн. теңгеге 9596 жаңа жұмыс орынын құрайтын 71 инвестициялық жобаның тізбесі қайта өзектендірілді. Оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 225,6 млрд. теңгеге 915 жұмыс орнын құрумен 9 жоба бар. Жыл соңына дейін жалпы құны 29,9 млрд. теңгеге 1197 жұмыс орнын құрумен 25 инвестцииялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта жалпы құны 17,7 млрд. теңгеге 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашумен 18 инвестициялық жоба іске қосылды. Одан бөлек, облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы құны 1,4 трлн. теңгеге 3595 жұмыс орнын ашатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Ал «Turan» арнайы экономикалық аймақтағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстарын сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Құрылысқа жауапты мердігер компаниялар – «СТ Сервис» ЖШС, «Баянды Құрылыс» ЖШС, «Pana Qurylys Group» ЖШС.

Leave a reply