Понедельник, 3 марта

«ТҰРАН» ЧЕМПИОНАТТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

0
20
✔️Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы басталды. Түркістанның «Тұран» командасы өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» клубымен кездесті.
✔️Алғашқы минуттардан ойын тізгінің қолға алған алаң иелері тек жеңіс үшін алаңға шыққандарын аңғартты. Жүйелі шабуылдар ұйымдастырды. Сондай ұмтылыстардың бірінде Жұмабектің пасын пайдаланған Умаров есеп ашты. Бұл – кездесудің 32-ші минуты болатын. Қонақтар есепті теңестіруге ұмтылғанымен бірінші кезең осылай аяқталды.
✔️Екінші таймда да «Тұран» ойыншылары допты бақылауда ұстады. Сенімді әрекет етті. Осы сенімділік екінші голға ұласты. 70-минутта Згурский өте әдемі гол салып, есепті еселеді. Осылайша, «Тұран» алғашқы турда жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты. Сөйтіп, «Тобылмен» бірге көш бастады.
✔️Айта кетейік, биыл «Тұранның» құрамы күшейді. Былтыр «Атырауды» өрге сүйреген Виталий Жуковский бас бапкер болып тағайындалды. Ол бірнеше тәжірибелі ойыншыны командаға шақырды.
🔁«Тұран» 9 наурызда сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі.

Leave a reply