Тұрлыханов тағы бір ұлының қызды ұруына қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде жігіт пен қыздың жанжалдасып тұрған видеосы тарады. Видео авторы бұл оқиға Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына қатысты екенін айтады. Тілшілер оқиғаға қатысты депутаттың пікірін сұрады, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
“Жастар өздері шешеді. Бір-бірін жақсы көретін болар”, – деп жауап берді Д. Тұрлыханов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына.
Сондай-ақ депутат бұл оқиға жайында естімегенін және ұлымен сөйлесетінін айтты.
“Олар ер жеткен балалар. Сондықтан өздерінің мәселесін шешеді деп санаймын. Бұл жайлы сіздерден естіп отырмын және мен үшін жағымсыз жаңалық болып тұр”, – деді Д. Тұрлыханов.