ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК
Ауданның 30 тұрмысы төмен және жалғызілікті тұрғы-нына жұмыссыз азаматтар үй жұмыстарына тегін көмек көрсетіп жатыр. Уақытша жұмыссыздар мен «Тимур и К» көмек көрсету тобының жобасына қатысушы 9 ерікті кәсіптік бағыттар бойынша жұмыс істейді. Бұл жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы» ҮЕАҚ жанындағы «Жастар салауатты өмір салтын ұстанады» жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша «Ғылыми зерттеу және инновациялық технологиялар» жергілікті қоғамдық қоры бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Тұрмыстық мәселелерін шешуге мұқтаж ауданның әлеуметтік осал тұрғындарының тізімін қоғамдық ұйымға Ақсукент ауылдық округінің әкімшілігі ұсынды.
Қазір белсенділер көмекке зәру тұрғындарға хабарласып, қандай қызмет қажеттігін сұрайды. Сонымен қатар, жобаға қатысушы жұмыссыздар қажетті кәсіпке тегін оқып, сантехник, электрик, бағбан жұмыстарын игеруде.
«Жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, тұрмысы төмен, көпбалалы және толық емес отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүм-кіндік береді»,- дейді «Ғылыми зерттеу және инновациялық технологиялар» жергілікті қоғамдық қорының басшысы В.Голярко. Жұмыссыз азаматтар мамандық алып қана қоймай, уақытша ақысы төленетін жұмыспен қамтылып, тәжірибе жинақтайды.