ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

0
113

Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбековтың “Бірлік” секторындағы кездесуінде тұрғындардың 19 өтініші бойынша тапсырмалар берілген болатын. Өтініштің басым көпшілігі инфрақұрылым саласы бойынша айтылды. Азаматтардың тілегі орындалып, жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Атап айтар болсақ, Керейхан көшесінде балалар ойын алаңшасының құрылысы жүруде. Сектордағы 110 Кв -тық кернеулі сым ауыстырылды.

Тұрғын алаптағы тазалық жұмыстарын жасауға ниетті тұрғындар өз істерін ашып, тазалықты қадағалау арқылы табыс табуда.

Шалкиіз жырау көшесіне тас төселіп, жол негізі кеңейтілді. Одан бөлек, Ханқорған және Наурызым көшелеріне жаяу жүргінші жолы төселді.

Секторда – 164 көше бар. Оның 17-і асфальтті, 120 көшеге тас төселді, 33 көше жарықшамдармен қамтылған.

Leave a reply