Тұрғындардың өтініші бойынша балалар алаңшасы және шағын футбол алаңшасы салынды

0
101
Түркістан қаласындағы Шауғар секторында барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында сектор тұрғындарымен кездесуі барысында 51 мәселеле көтерілген болатын. Олардың 37-сі бүгінде толық шешімін тапты, 10 мәселе бойынша жұмыстар басталып, қазіргі таңда атқарылуда, ал 4 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.
 Шауғар секторында 22 аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде. Бұл жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
 Ескірген ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және метал құбырлары арқылы жүргізілген су желілерін полиэтилен құбырларына ауыстыру мақсатында 91 шақырым ауыз құбырларының құрылысы басталды.
«Шауғар» тұрғын алабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс өткізілуде, құрылыс қазан айында басталады деп жоспарлануда.
 Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді де табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды.
20 шақырымды құрайтын 31 көшеге тас төселді. 3 шақырымды құрайтын 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. Тұрғындардың өтініші бойынша балалар алаңшасы және шағын футбол алаңшасы салынды.

Leave a reply