Thursday, November 21

ТҰРҒЫНДАР САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНАДЫ

0
117

Түркістан қаласында жалпы саны 1300-ге жуық трансформатор бар. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, 2021- 2022 жылдары жаңа 95 трансформатор қойылды.

Сондай-ақ, 100 трансформаторға жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ал, биылғы жылы аталған сала бойынша 46 жаңа трансформатор қою жоспарланған. Жыл басынан бері жоспар аясында 8 жаңа трансформатор қойылып, 20 трансформаторға жөндеу жасалды.

Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесімен бүгінде қалада 34 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған. Яғни, орташа сағат тұтыну көрсеткіші – 48,8МВТ. Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде – 94,7% құрайды.

2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% арттыру межеленіп отыр. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бүгінде 4 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның бір нысанында жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту жүргізілсе, 3 нысанда әуе электр желілері кабельдік желіге ауыстырылуда.

Жеке тұрғын үйлерге арналған нысан құрылысы аяқталғанда 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Leave a reply