ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ТЕГІН ҮЙІРМЕ АШЫЛДЫ
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы шеңберінде «30 игі іс» акциясы және «NUR OTAN» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында бұқаралық спорт түрін дамыту мақсатында спорт түрлерінен тегін үйірме ашылды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» марафоны аясында ашылған үйірмеде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары шеберлігін шыңдай алады.
Аталмыш үйірме Абай ауданыны, Қазығұрт мөлтек ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына жазғы демалыстағы уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылып отыр. Салауатты өмір салтын ұстау мақсатында жастарға спорттың бокс, кикбоксинг, дзюдо және таэквондо түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылған.
Игі бастамаға демеушілік жасап отырған жас кәсіпкер, бокс бапкері Журкаев Ережеп Орынбасарұлы өз қаражатына үйірме ғимаратын көтеріп, ондағы жаттығуға қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, келешекте жастар арасынан еліміздің туын биікке көтеретін чемпиондар шығатынына сенімдіміз.