Төлеби ауданында Халықаралық әйелдер күніне орай, «Гүл сыйлайық анаға« мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов 200-ден астам анаға сый-құрмет көрсетті.
Іс-шара барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық саяси өміріне белсене атсалысып жүрген аналарға «Алғыс хат» табыстады.
Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасының ұйытқысы, береке-бірлігінің шырақшысы болып жүрген аналарды мәслихат Грамотасымен марапаттады.
Мерекелік шарада аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
Айта кетсек, Төлеби ауданында 325 ана «Батыр ана» атанса, 1031 ана «Алтын алқа», 2192 ана «Күміс алқа» иегері атанып, құрметке бөленуде.