Төлебилік кәсіпкер жылына 2 мыңға жуық жиһаз дайындайды

Төлеби ауданында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, Зертас ауылында жеке кәсіпкер Қожахмет Омартаев ағаш өңдеу ісін қолға алған. Іске қосылғанына 3 жылға жуықтаған цехта заман талабына сай ағаш есіктері, баспалдақтар мен қабырғалық панельдер дайындалуда. Қазір онда жылына 2 мыңға жуық жиһаз тұтынушыларға ұсынылады. Цехты өз қаражатына іске қосқан кәсіпкер қазір 15 адамды жұмыспен қамтуда. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта цех жұмысын ұлғайтуға ниет танытып отыр