Төлеби ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 29 көшеге жұмыстары жүргізілген
Төлеби ауданында соңғы жылдары ауданда жаңа инженерлік-инфрақұрылымдар, тұрғын үй нысандары мен білім ғимараттары салынды. 5 елді мекенді (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) тұрғын үй салуға жер телімдерімен (217 гектар) қамту үшін инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде (ауыз су, электр жүйесі, газ). Нәтижесінде, 1 мыңнан астам (1 007) жер телімі беріледі. Облыстық бюджет есебінен Қапал батыр көшесіндегі 5 қабатты 48 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын бастуға 60 млн теңге қаржы қарастырылды. Сонымен қатар, халықтың осал топтарына арналған 20 тұрғын үйге 86 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінде үйлерді сатып алу рәсімдері жүргізілуде.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру маңызды болып отыр. Ағымдағы жылы ауданды мемлекеттік қаржы есебінен 12 көше (құны 60 млн. теңге), жеке инвестиция есебінен 1 көше жарықтандырылды. Жалпы аудан аумағында 680 шақырымды құрайтын 552 ішкі көшелер бар.2022 жылы жақсы және орташа жағдайдағы асфальтталған жолдардың үлесі 85 пайыз немесе 535 шақырым болатын. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайызға жетпек. Асфальтталған жолдардың ұзындығы 614 шақырым, 502 көшеге жетеді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ағымдағы жылы 29 көшеге 835 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.Аудандағы 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз су жүйесіне қосылып, көрсеткіш 98 пайызды құрап отыр. Аталған мәселені толық шешу үшін ауыз сумен қамтылмаған Жаңакүш елді мекеніне тиісті қаржы қарастырылды (жалпы құны – 286 млн. теңге, бөлінгені – 245 млн. теңге). Нысан келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде аудан халқы 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылады. Сонымен қатар, ауыз су сапасына да назар аударылуда. Ескірген су жүйелерін жөндеп, ашық су көздеріне су тазалағыш қондырғыларын орнату жұмыстарына биыл 1,2 млрд. теңге бөлініп, 9 нысан бойынша жаңарту жұмыстары жүргізілуде (5 нысан (Керегетас, Зертас, Бейнеткеш, Нысанбек, Көктерек (Ленгір) биыл аяқталады, 4 нысан (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Жаңажол) өтпелі). Бүгінде Ленгір қаласындағы өзекті мәселенің бірі –кәріз жүйесі. Жаңадан салынып, кәріз жүйесіне қосылған үйлердің санының артуына байланысты бұрынғы кәріз жүйесінің күші жетпеуде. Осыған орай, заман талабына сай келетін «Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны – 2,6 млрд. теңгені құрайды (биыл 900 млн. теңге бөлінді). Нысанды келесі жылы пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз (сиымдылығы тәулігіне 3500 м3 су өңдейді). Осы күнге дейін табиғи газға 21 мың абонент (115 366 адам) қосылып, қамтылу деңгейі 93 пайызды құраған болатын. Биыл Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерінде табиғи газ құбырының құрылысы (2022 жылы 693 млн. теңге, 2023 жылы 144 млн. теңге) аяқталатын болады. (1021 абонент көгілдір отынмен қамтылады). Нәтижесінде аудан халқы табиғи газбен 100 пайыз қамтылады.Облыстық бюджет есебінен 29 елді мекеннің 73 көшесіне электр желісін жүргізуге және трансформатор орнату құрылысын аяқтауға 989 млн. теңге қаржы қарастырылды. Биыл бұл жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл
19,6 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 4 трансформаторды ауыстырады. Алдағы жылдары да аталған жұмыстар жалғасын табатын болады, ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылады. Нәтижесінде аудан халқы сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілетін болады.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін білім, мәдениет, спорт нысандары салынып жатыр. Ауданда 68 мектеп (66 мемлекеттік, 2 жеке меншік) жұмыс жасайды. Биыл Тағайна елді мекенінде 200 орындық мектеп, Зертас елді мекеніндегі Шомшақты мектебіне 150 орындық және Көксәйек елді мекеніндегі саз мектебіне қосымша ғимарат құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қаратөбе елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Жалпы жоғарыда аталған нысандарға 3 млрд. 342 млн. теңге).
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде, аудан аумағында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда.
Атап айтқанда:
– Достық елді мекенінде 900 орындық;
– Көксәйек елді мекенінде 600 орындық;
– Қосағаш елді мекенінде 300 орындық;
– Бірінші Мамыр елді мекенінде 900 орындық мектептерінің жобалары ұсынылды. Аталған мектептердің үшеуі келесі жылы, біреуі (Бірінші Мамыр) 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 45 млн теңге бөлінді. Туу көрсеткіші бойынша 2023 жылдың 8 айында 1731 сәби дүниеге келді. 2023 жылдың 8 айында ана өлімі тіркелмеген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысан (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) салу жоспарланып отыр.