Төлеби ауданы: Зертас ауылдық округінде құны 130 млн. теңге болатын саумалымен емдеу орталығы іске қосылған

0
27

Төлеби ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10,4 мыңға жетіп былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп отыр. 2023 жылдың 8 айында 21256 демалушыларға қызмет көрсетіліп 460 млн теңгенің қызметін көрсетіп облыс көлемінде 2 орында.

Ауданда туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан құны 3.6 млрд теңгеге 7 туристік нысандар ашылды. Атап айтсақ:

– Қасқасу ауыл округінде «Кіші Европа» демалыс аймағы, құны 200 млн. теңге, 8 жұмыспен қамтылды;

– Ақмешіт шатқалында К. Ысқақовтың демалыс аймағы, құны 352 млн. теңге, 10 жұмыспен қамтылды;

– «ALMA-TAU» демалыс орнындағы спорттық сауықтыру кешенінде қонақ үй мен спорт кешені құрылысы ашылды. Құны 2 млрд 539 млн. теңге, 30 жұмыспен қамтылды;

– Нысанбек елді мекенінің жоғарғы жағында жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс аймағы ашылды, құны 240 млн. теңге, 8 адам жұмыспен қамтылды;

– Алатау ауыл округінде жеке кәсіпкер Х.Назарованың демалыс аймағы іске қосылды, құны 90 млн. теңге, 6 адам жұмыспен қамтылды;

– Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылып, тәулігіне 20 адам ем алуда. 6 адам жұмыспен қамтылды;

– Зертас ауылдық округінде құны 130 млн. теңге болатын саумалымен емдеу орталығы іске қосылып. 10 адам жұмыспен қамтылды. Одан өзге жыл аяғына дейін Қасқасу ауыл округінде жеке кәсіпкер М.Күмісовтың құны 150 млн. теңге болатын демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Аталған салаға көптеп инвестиция тарту үшін және дамыту мақсатында Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекраециялық аймақтардың бас жоспарына егжей-тегжей жоспары әзірленуде. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін осы салаға құны 4,5 млрд теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу жоспарлануда.(2022 жылы 41488 демалушы).

Төлеби ауданында жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 3.8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды (2181 тұрақты, 1648 уақытша). Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сай 983 жұмыс орны ашылды. Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету бойынша биыл 1 023 отбасыға (5 535 адам) 531 млн. теңге қаралып, 580 отбасыға (3 201 адам) 203,5 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Төлеби ауданының тұрғындарына мәдени және ойын-сауық қызметін көрсету мақсатында 15 мәдени нысан, 31 кітапхана жұмыс жасайды. Бірде-бір мәдениет нысандары жоқ Аққұм, Киелітас ауылдық округтерінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаржылар қарастырылып, мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (Аққұм биыл аяқталады, Киелітас өтпелі).

Төлеби ауданында денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 45 млн теңге бөлінді. Туу көрсеткіші бойынша 2023 жылдың 8 айында 1731 сәби дүниеге келді. 2023 жылдың 8 айында ана өлімі тіркелмеген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысан (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) салу жоспарланып отыр.

Төлеби ауданында спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда. Тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 400 спорттық нысан жұмыс жасайды. Соңғы жылдары аудан аумағында мемлекет есебінен 6 кіші футбол алаңшасы және демеушілер тарапынан күрес түрлерінен 1 спорт кешені және 7 футбол манежі салынды. Сондай-ақ, бюджет есебінен Бірінші Мамыр және Көксәйек елді мекендерінде замануи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны биыл 8 айда 50 мың адамды құрап, аудан халқының 41%-на жетті.

Төлеби ауданында 68 мектеп (66 мемлекеттік, 2 жеке меншік) жұмыс жасайды. Биыл Тағайна елді мекенінде 200 орындық мектеп, Зертас елді мекеніндегі Шомшақты мектебіне 150 орындық және Көксәйек елді мекеніндегі саз мектебіне қосымша ғимарат құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қаратөбе елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Жалпы жоғарыда аталған нысандарға 3 млрд. 342 млн. теңге).

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде, аудан аумағында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда.

Атап айтқанда:

– Достық елді мекенінде 900 орындық;

– Көксәйек елді мекенінде 600 орындық;

– Қосағаш елді мекенінде 300 орындық;

– Бірінші Мамыр елді мекенінде 900 орындық мектептерінің жобалары ұсынылды. Аталған мектептердің үшеуі келесі жылы, біреуі (Бірінші Мамыр) 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Төлеби ауданында осы күнге дейін табиғи газға 21 мың абонент (115 366 адам) қосылып, қамтылу деңгейі 93 пайызды құраған болатын. Биыл Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерінде табиғи газ құбырының құрылысы (2022 жылы 693 млн. теңге, 2023 жылы 144 млн. теңге) аяқталатын болады. (1021 абонент көгілдір отынмен қамтылады). Нәтижесінде аудан халқы табиғи газбен 100 пайыз қамтылады.Облыстық бюджет есебінен 29 елді мекеннің 73 көшесіне электр желісін жүргізуге және трансформатор орнату құрылысын аяқтауға 989 млн. теңге қаржы қарастырылды. Биыл бұл жұмыстарды аяқталатын болады. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 19,6 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 4 трансформаторды ауыстырады. Алдағы жылдары да аталған жұмыстар жалғасын табатын болады, ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылады. Нәтижесінде аудан халқы сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілетін болады.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін білім, мәдениет, спорт нысандары салынып жатыр.

Leave a reply