ШАРДАРАДА АЗИЯНЫҢ 20 ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
104

Армрестлингтен Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында ел намысын қорғауға аттанған “Шардара Армспорт” клубының спортшылары ҚР ұлттық құрамасының атынан қатысып, Азия құрлығында қарсылас шақ келтірмей, 20 алтын медальді жеңіп алды.
Сайыпқырандарды аудан әкімі Арман Қарсыбаев қабылдап, оларға құрмет көрсетті.
«Сіздерге Өзбекстан елінің Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, үздік нәтиже көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бойларыңыздағы қайсар мінез бен жалынды жігерлеріңіздің арқасында жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің абыройын асқақтатумен бірге, ауданымызда армрестлинг спортының дамуына үлесі қосып, белсенді түрде атсалысып жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола білдіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жеңісті күндер тілеймін!» деді аудан әкімі.
Сондай-ақ чемпиондарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырып, тамыз айында Молдова елінде өтетін Әлем чемпионатында ел абыройын асқақтата берулеріне сенім білдірді.
Чемпиондар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Жас жеткіншектер арасында:
Әмірхан Думан — І орын
Бекмұрат Мирас — І орын
Назар Заңғар — І орын
Алдан Нұрсұлтан — І орын
Хали Текжігіт — І орын
Сәрсенбай Ердос — І орын
Анвар Элдар — І орын
Серік Ерсұлтан — І орын
Мансұр Еркеғали — ІІ орын
Тыныштық Байғани — ІІІ орын
Қыздар арасында:
Закирова Назым — І орын
Ақберген Аманат — І орын
Ырысбек Нұрғаным — І орын
Сәрсенбаева Сымбат — І орын
Жаңбырбек Назерке — ІІ орын
Жасөспірімдер арасында:
Есен Мейрамбек — І орын
Мелдебек Болат — І орын
Мыңжасар Ерзат — І орын
Сәрсенбай Жармахан — І орын
Сансызбай Ерасыл — І орын
Базарбай Асылжан — І орын
Патилда Мейрамбек — І орын
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында+90 келі салмақта Құралбаев Ұлықбек чемпион атанды.

Leave a reply