ШАРДАРАДА КРАХМАЛ-СІРНЕ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан индустриалды аймақта «Казкрахмал» ЖШС-нің ұйымдастыруымен жүгеріні терең өңдеу кешені жобасы жүзеге асуда. Жоба 2 кезеңнен тұрады.
1 кезеңді жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Оған жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау кешендері кіреді. Ал 2 кезең бойынша 2024-2025 жылдары жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысын жүргізіп, 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Зауыт жылына 150 000 тонна жүгеріні қабылдап, өңдеуді көздейді. Өңдеу нәтижесінде жүгері дәнінен 26 түрлі өнім шығарылады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2023 жылы Шардара және көршілес аудандардан 3 мың тоннаға жуық қана жүгері қабылданған. Бұл – зауыттың толық іске қосылуы үшін шикізаттық базаның жеткіліксіздігін көрсетеді. Алдағы уақытта Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында жүгері алқаптарын көбейту көзделіп отыр.