ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУА 370 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІМЕН КҮНБАҒЫС ЕККЕН

0
26

Шардара ауданы, Жаушықұм ауылына қарасты «ИІРЖАРАГРО» ЖШС-ң шаруақожалығы 500 гектар егістік алқапты игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, онда тамшылатып суғару әдісін енгізген. Бұдан бөлек, жүгері және бау-бақша өнімдері өсірілуде.

Шаруақожалық тұрақты негізде 11 адамды жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамды жұмысқа тартады. Онда 23 ауылшаруашылығы техникасы бар. Егістік өнімдері ҚХР, Түркия мемлекеттері мен ішкі нарыққа өткізіледі.

«Алдағы уақытта мемлекеттің қолдауы аясында шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып суғару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін»- дейді шаруақожалық басшысы Оразалы Шыршықбаев.

Leave a reply