ШАРДАРА АУДАНЫНДА МАҚТА ЖИЫН-ТЕРІМІ 85 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛҒАН

0
160
Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Н.Әбішов Шардара ауданына барды. Мәслихат төрағасы ақ алтын қабылдайтын арнайы орындар мен мақта өңдеу зауыттарын аралады. Атап айтсақ, Достық, Ақшеңгелді, Қоссейіт және Көксу, Қызылқұм, Алатау батыр мен Ұзын ата ауылдарында болып, мақта қабылдау жұмыстарымен танысты. Жалпы бүгінгі күнге ауданда 40 мың тонна мақта жиналып үлгерген. Аз уақытта науқан өз сәтімен аяқталуға жақын. Кейбір шаруалар бірінші терімді аяқтап, мақтаның екінші теріміне дайындалуда.
-Шардаралық мақташылардың өнімі биылғы жылға жақсы нәтиже берді. Өзім арнайы келіп осы науқан жұмысын жиі көріп жүрмін. Бізге халық сенеді. Сол сенімді ақтау осындай сынды сәттерде байқалады. Шаруалармен бірге болу басты мақсатымыз. Сондықтан да науқан басталмай жатып шаруалармен үздіксіз кездесіп келемін. Мәселелерін оңтайлы шешуге атсалысамыз. Соның нәтижесі болар, мақта терімінің жұмысында, қабылдау пункттерде аса ірі проблема жоқ. Барлығы өз деңгейінде жұмыс атқаруда.-деді Н.Әбішов.
2023 жылы Шардара ауданда 15259 га жерге мақта дақылы егілген. Жалпы жоспар 44250 тн. Бүгінге дейін жоспар 85 пайыздан жоғары орындалған. Шаруалар негізінен “Сұлтан”, “Мақтаарал”, “С-4727” сорттарын еккен. Сонымен қатар Түркияның мақта сортын еккен шаруалар да бар.
💬Шаруалардың шағымы жоқ әзірге. Баға 220 тг қабылдануда. Қаражат бар. Мақташылардың ақысы уақытылы төленуде. Ең алдымен несиесі бар шаруаларға төлем жасап, қарыздарын өтеуге жәрдем беріп отырмыз,- деді зауыт иелері.
Мақтасын жинап келген шаруалардың мақтасы ешқандай кезек күттірмей қабылдануда. Зертхана орындары мақта ылғалдылығын 120-140 тң аралығында қабылдауда. Алдағы күндері ауа-райы қолайсыздық тудырмаса шаруалар мақта терімін толық аяқтауға шақ тұр.

Leave a reply