Четверг, 19 сентября

ШАРДАРА АУДАНЫНДА 10 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

0
48

Шардара суқоймасында 8 424 тонна, Сырдария өзенінде 694 тонна, жалпы 9 118 тонна балық қоры бар. Қазіргі таңда ауданда 5 балық өңдеу зауыты («Хамит» АӨК, ЖК «Жалғасбаев Т», «Саодат» ЖШС, «Бәйтерек ББМ» ЖШС, «Шардара балық 1» ЖШС) және балық өсірумен айналысатын 25 кәсіпкер тіркелген. Балық өңдеу зауыттарында жалпы 420-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2023 жылдың қортындысымен аймақта 9 932 тонна өнім өндірілген. Оның ішінде 80 пайыздан астамы экспортталған. Балық өнімдері Германия, Литва, Израиль, Украина, Ресей, Қытай елдеріне экспорталуда.

Шикізат қорының 43,9%-дан (2506 тонна) астамы ауданда өндірілсе, қалған бөлігі сырттан 56,1% (3197,7тонна) Атырау, Арал, Балқаш, Көксарай суқоймаларынан әкелініп, өңделуде. Бүгінгі таңда ауданда жалпы 33 балық өсіруші кәсіпкер тіркеліп, олардың жалпы балық өсіру көлемі 951,35 тоннаны құрап отыр. Балық өсірушілерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие және субсидия бойынша тиісті көмектер берілуде.

Шардара су қоймасы 5,2 млрд. м3 су қорында 8424,0 тонна, Сырдария өзенінде 694,0 тонна, жалпы 9118,0 тонна балық қоры бар. Қазіргі таңда ауданда 5 балық өңдеу зауыты («Хамит» АӨК, ЖК «Жалғасбаев Т», «Саодат» ЖШС, «Бәйтерек ББМ» ЖШС, «Шардара балық 1» ЖШС) және балық өсірумен айналысатын 25 кәсіпкер тіркелген. Балық өңдеу зауыттарында жалпы 420 астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2023 жылдың қортындысымен 9 932 тонна өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 115,5% құрады. Оның ішінде 80 пайыздан астамы экспортталған. Балық өнімдері алыс жақын шет елдерге атап айтқанда Германия, Литва, Израиль, Украина, Ресей Федерациясы, Қытай тағы да басқа елдерге экспорталуда.

Барлық кәсіпорындарға мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер жасалуда. Шикізат қорының 43,9% (2506 тонна) астамы ауданымыздан, қалған бөлігі сырттан 56,1 % ( 3197,7тонна) Атырау, Арал, Балқаш, Көксарай су қоймаларынан әкелініп, өңделуде. Шикізат мәселесін шешіп, балық шаруашылығын дамыту мақсатында балық өсіру жобасы қолға алына басталды. Бүгінгі таңда ауданымызда жалпы 33 балық өсіруші кәсіпкерлер тіркеліп, олардың жалпы балық өсіру көлемі 951,35 тонна құрап отыр. Балық өсірушілерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие және субсидия бойынша тиісті көмектер берілуде.

Leave a reply